» » » "100 жаңа есім" жобасына өтінім қабылдау аяқталды

"100 жаңа есім" жобасына өтінім қабылдау аяқталды

"100 жаңа есім" жобасы адам капиталын дамыту және бәсекеге қабілеттілік идеяларын ілгерілету мақсатында "Рухани Жанғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. 1-31 қазан аралығында 100janaesim.ruh.kz сайтына көптеген өтінім хаттар түсіп үлгерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 
 Жобаның үшінші маусымы 39 жасқа дейінгі жас азаматтардың жетістіктеріне арналған. Спорт, ғылым, қоғам, мәдениет, бизнес, медицина салалары бойынша өтінім хаттар қабылданды. Жобаға қатысушылар назарына, "100 жаңа есім" жобасының III маусымына өтінім қабылдау уақыты аяқталды. Соңғы өтінім хаттар 31 қазанның 00:00 уақытына дейін қабылданғанын айта кетелік. Қатысушыларға дауыс беру уақыты 5 қарашадан басталады. Қоғамның кез келген саласын еркін бағындырып, толағай табыстарымен дараланған жастардың ел назарында болуы, өскелең ұрпаққа үлгі бола алуы басты міндет.
03 қараша 2019 ж. 680 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 006

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031