"ZhasProject" ЖАСТАРДЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙТЫН ЖОБА

Жобаға өз әлеуетін, өмірлік маңызы бар дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеяларын іске асыруға мүдделі 14 пен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттер қатыса алады. Осы жылдың 20 мамыры мен 20 маусымына дейін гранттық конкурсқа қатысуға өтінім қабылданады. Ал, іріктеу 21 маусым мен 21 шілдеде өткізіледі.
Гранттың ең көп сомасы 1 000 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, жобаның барлық қатысушылары 60 000 теңге (ЖОО-ның түлектері) және 40 000 теңге (қалған қатысушылар) мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы алады. Олар өмірлік маңызы бар дағдылар және жобаларды басқару бағдарламасына оқытудан өтеді және менторлардың қолдауын алады. Қосымша ақпарат: тел: 32-4-46
#ZhasProject