Бернард Шоу: "Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл"
► Ойланбастан сөйлей салсаң, ойыңдағыны ашып айттың деген сөз. ► Көп адамды өзіне еш қатысы жоқ нәрсе көбірек қызықтырады. ► Өзі өтініп сұрамаған адамға көмектесуге асықпа, алдыңа келмеген жанға кеңес берем деп килікпе. Өзіңнің, сөзіңнің, ойыңның қадірін біл. ► Менің қалжыңдау тәсілім – бұл тек шындықты айту. Өмірде одан асқан күлкілі әңгіме жоқ. ► Достар ренжіскенде бір-бірін жоғалтады деп ойлаушы едім. Жоқ, олар іске, ақшаға, уақытқа келгенде екіге айырылады екен. ► Сөйлеуді үйрендің бе, демек өстің. Үндемеуді үйрендің бе, демек ақылың кірді. ► Әуеде құстай ұшуды, суда балықтай жүзуді үйрендік. Енді бізге бір ғана өмірді адамша сүруді үйрену қалды. ► Адам кірпіш секілді, күйдірген сайын ысылады. ► Сізде де, менде де алма бар дейік, екеуін ауыстырып алсақ, сізде де, менде де бір-бір алмадан болады. Ал егер сізде де, менде де идея бар болса, оларды алмастырып алсақ, екеумізде де екі-екі идеядан болады. ► Сүйгеніңізді алуға тырысыңыз, әйтпесе алғаныңызды сүюге тура келеді. ► Қолынан іс келетін адам әрекет етеді, қолынан түк келмейтін адам өзгелерге үйретумен болады. ► Жалғыздыққа шыдап, одан ләззат ала білу – нағыз ерлік. ► Шынайы болу қауіпті, оның үстіне ақымақ болсаңыз, тіпті қорқынышты. ► Нағыз еркек – өз әйелін ең жақсы әйел деп есептейтін азамат. ► Еңбегіміз сіңбеген бақытты иемденуге хақымыз жоқ. ► Әлем жұмыс істемей-ақ ақша тапқысы келетін жалқаулар мен байымай-ақ жұмыс істей бергісі келетін ақымақтардан құралады. ► Өтірікші үшін ең ауыр жаза – адамдардың оған сенбеуі емес, өзі ешкімге сене алмауы. ► Би – көлденең құштарлықтың тігінен бейленген көрінісі. ► Күйеулеріңді сүйіңдер. Олар сендердің махаббатарыңа мұқтаж. Тіпті мұны өзі мойындамаса да солай. Әр ұлы азаматтың артында оны шын беріле сүйген, сенген әйел тұрған.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/59893