» » » Ең жағымды сезімдер

Ең жағымды сезімдер

Ең жағымды сезімдер
«Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киімің тар болса» дейді қазақ. Аяқты қысып, ыңғайсыздық туғызатын аяқ киімді ұзақ уақыт киіп жүріп, шешкеннен кейінгі сезім... ☺ Сәбидің жұмсақ та нәзік бетінен сүюдің өзі бір ғажап. ☺ Көп жұмыс тындырып келгеннен кейін жылы-жұмсақ төсегіңе жету. ☺ Душ суын өзіңізге ұнайтын температураға келтіріп, астында ұзақ уақыт тұрып рахаттану. ☺ Тәтті торттың не көптен аңсаған сүйікті тағамның бір тілімін тату. ☺ Ұнайтын адамды бірінші рет сүю. ☺ Тауарлардың орамасынан шығатын ішінде ауа толы кішкене шарларды жару. ☺ Сатып алған жаңа кітаптың иісіне масаю. ☺ Таңда күліп оянып судан бір ұрттау. ☺ Күн сәулесіне қыздырыну. ☺ Ұйқыға еніп бара жатқанда жақын жаның келіп үстіңе жамылғы жабуы. ☺ Кешке қарай жағалауда ыстық топырақты жалаң аяқ басып жүру. ☺ Жуылып, үтіктелген, хош иісті киімді кию. ☺ Жазғы жылы жаңбыр астында серуендеу. ☺ Ыстық күні денеңе суық су шашу. ☺ Массаж сеансына бару. ☺ Жаңбыр жауғанда озон газының иісінен ләззат алу. ☺ Тоңған қолыңызды отқа жақындатып жылыту. ☺ Түшкіре алмай, түшкіре алмай тұрып түшкіру. ☺ Аса сағынған жанды қысып тұрып құшақтау. ☺ Саф ауада ұйықтау. ☺ Бала кезіңізден таныс иісті не дәмді қайта сезіну. ☺ Жаңа пісіп жатқан кәуаптың не өзіңіз сүйетін астың иісі мұрынға келу. ☺ Көзіңізді ашып жұмысқа (сабаққа) асыққанда, демалыс күн екеніне еске түсу. Бұл сезімдердің қайсысы сізге ұнамайды? Өзіңіз бақыт табатын сезімдер қандай?

Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/60224
28 желтоқсан 2019 ж. 405 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930