» » » Әлемдегі ең үлкен театр

Әлемдегі ең үлкен театр


Театр 6500 орынды. Ғимарат ұзындығы 212 метр, ені 143 метр, биіктігі 46 метр. Аумағы 100 000 шаршы шақырымға жететін нысанды 22 000 металл қоршаған. Пайдаланатын аумақ 150 000 шаршы шақырым. Күмбезі титан мен әйнектерден жасалған театр таяз тоған ортасында орналасқан. Жоба авторы сәулетші Поль Андренің айтуы бойынша, тікбұрышты тоған мен оның ортасындағы сопақ ғимарат «Жер мен Көк» деп аталатын көне қытай космологикалық белгіні сипаттайды. Алайда, бұл жоба көпшілік тарапынан бірталай сынға ұшырады. Қытай сәулетшілерінің пікірінше, Тяньаньмэнь алаңы мен Жабық қала жанында орналасқан ғимарат өзінің заманауи келбетімен тарихи ауданның сәнін бұзады. Театр бюджеті 400 млн АҚШ долларын құраған. Қытай халқы жаңа ғимараттың пішінін үйрек жұмыртқасымен салыстырды. Алғашқы маусым ашылған сәттен бастап-ақ, көпшілік қауым театрдың «мәдени міндетін» түсінген жоқ. Ғимараттың үлкен вестибюлінде театрдың үш залы тоғысады: 2416 орынды опера залы, 2017 орынды концерт залы, 1040 орынды қойылым залы. Алып күмбездің ішкі жағы Бразилияда өсетін қызыл ағашпен қапталған. Ғимарат едені ақ, сары, сұрғылт мәрмәр тастармен төселген. Ең кіші зал саналатын қойылым залының ішкі жағы сарғыш, қызыл, қызғылт түсті жібек матамен қапталған.   Театр ішінде көрме залдары, аудио және видео дүкендері жұмыс істейді. Ғимарат астында 1000 орынды автокөлік тұрағы мен 1400 орынды велосипед тұрағы бар.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/732
28 желтоқсан 2019 ж. 1 251 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 667

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30