» » Театр өртеніп жатыр (фото)

Театр өртеніп жатыр (фото)

Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  
Куәгерлердің айтуынша, театрға жалғана салынған ғимарат жанып жатыр. Редакцияға видео мен фото келіп түстіү Қазақ драма театры қала ортасындағы Абай көшесінде орналасқан.  ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәлімдеуінше, 14:30-да Атыраудың "101" пультіне М. Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шыққаны жайлы хабар түскен.
 "Екінші қабатта электрқалқан жанып, кейін от ғимараттың шатырына тараған. Өрттің болжамды аумағы - 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 адамы мен ТЖД-нің жеті техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршады", - деді Нұрахметов.  Фото мен видео куәгерлерден. Өрттің себебі, аумағы мен басқа да мәліметтер анықталып жатыр.
22 тамыз 2019 ж. 626 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 667

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30