» » » «Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалы-композициялық кеш өтеді

«Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалы-композициялық кеш өтеді


9 ақпан күні сағат 18.30-да М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының үлкен залында ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағалимен сырласу» атты поэтикалы-композициялық кеш өтеді.



М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрындағы мұзбалақ ақын – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақын тағдыры мен шығармашылығына арналған драмалық қойылымдар өз көрермендерін қуантып келеді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған күнді «Мұқағалимен сырласу» атты театрландырылған поэтикалық композициясы жаңартпақ. Театр актерларының шеберлігімен шырайы кіретін ақынның жырлары, әнмен әуелеген өлеңдері, күнделігі мен күнделікті өмірі Бақыт Беделханның ақындық зердесінде жаңаша айшықталады. «Тау – менің дәу бесігім...» деп, тебіренген таудай ақынмен тағы бір сырласқыңыз келсе, туған күнімен құттықтап театрға келіңіздер! 

Massaget.kz
07 ақпан 2018 ж. 1 546 0