РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына биыл үш жыл болды. Осынша уақыт аралығында не тындырдық, не бітірдік? Байыптап қарасақ еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқаны анық. Әрбір тарихи жаңа кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Сондықтан біз әрдайым жаңаруға, жаңалықтарды қабылдауға дайын болуымыз керек. Уақыт өте жылдам өтуде, уақытпен бірге заман өзгеруде, бүгінгі жаңалық ертең жаңалық емес. Заман ағымына сәйкес біз де өзгеруіміз қажет.
Ескінің күйреп, жаңаның келуі өмір заңы, Елбасының рухани жаңғыру қағидасы да осыны меңзейді. Алайда рухани жаңғыру бізді тарихи терең тамырымыздан ажыратпауға тиіс. Бұл үшін ұлттық болмысымызды, ұлттық кодымызды сақтай білу маңызды болмақ. Кез келген жаңару, жаңғыру бізді ұлттық кодымыздан айырмайды, керісінше, біз өткеннің жақсы жақтарын алып, кертартпа, теріс әдеттерден арылып, алға жылжуымыз қажет. Ең бастысы ұлттық сана, ұлттық болмыс біздің бойымыздағы құндылықтар болып қала береді. Осы орайда рухани жаңғыру бәсекеге қабілеттілік пен прагматизмге, ұлттық бірегейлікті сақтауға негізделеді. Сондай-ақ ұлттық сананың кемелденуі, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту маңызды. Осылайша білімді қоғам құрып, алға қарай революциялық емес, эволюциялық жолмен қадам басуымыз қажет.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген шаралар мен міндеттерді жүзеге асыруда 2019 жылы Жалағаш ауданында бірқатар жұмыс атқарылды.
Аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайы бет ашылып, тиісті жұмыстар жүзеге асуда. Аудан көлеміндегі кент және ауылдық округтерде 15 тақырыптық билборд орналастырылды. Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде рухани жаңғыру ға қатысты 62 мақала жарияланды. Мақаладан бастау алатын «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық жұмыс тобы, сарапшылар кеңесі, жобалық кеңсе құрылып, Елбасы жолдаған мақаланы ілгерілету және ұйымдастыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген.
Іс-шаралар жоспарында Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде», «Латын әліпбине көшу», «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Білім саласы бойынша үлкен жұмыстар бар. Латын әліпбиіне көшу жұмыстарының дайындық шаралары осы бастан басталмақ. Бұл ретте «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дөңгелек үстелдер өткізіліп, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Ел тарихын, жер тарихын зерделеу, сараптау жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Осы орайда ежелден келе жатқан тарихи-мәдени ескерткіштерді түгендеу, олардың жағдайын зерттеу, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар беру жайы қаралды. Бұл ретте «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағытының маңызы зор. Біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауды осы қасиетті, киелі жерлерден бастауымыз қажет.
Бағдарламаның басым бағыттарының бірі - «Цифрлы Қазақстан» жобасы. Бұл жобаға сәйкес ақпараттық жүйелерді қалыптастыру, жетілдіру, азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млн 400 мың теңге қаржы бөлініп, ауылдық кітапханалар толығымен компьютермен жабдықталды. Осыған сәйкес оқырмандарға жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп, қордағы әдебиеттер мен іс-шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.
2019 жылы кітап сүйер оқырмандар үшін Бұқарбай, Еңбек, Есет батыр, Жаңадария, Таң, Жүргенов ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарына «Көше кітапханасы» ашылды. Сондай-ақ «Көше кітапханасы» жобасы аясында Мәдениет пен Аққұмда ауылдық кітапхана жанынан коворкинг орталықтары ашылды. Бұл мақсаттарға 2 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды.
2019 жылы аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығынан «Шабыт-Арт» студиясы ашылып, жұмыс істей бастады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық өнердің түрлі жанрларын дамыту, насихаттау. Болашақта студия жұмысын кеңейту арқылы халық шығармашылығын дамыту және продюсерлік орталыққа айналдыру көзделуде. Жоба аясында 2 студия және 5 үйірме жұмыс істейді. Атап айтқанда, дыбыс жазу және балалар ән-би студиясы, халықтық орындау, үрмелі аспаптар, көркемсурет және декоративті-қолданбалы өнер, би үйірмелері. Аталған жоба облыстық жобалық кеңсе отырысында қолдау тапты.
Жобаға жергілікті бюджеттен 4 млн 950 мың теңге бөлініп, 2 млн 800 мың теңгеге дыбыс жазу студиясы толық жабдықталса, 1 млн 50 мың теңгеге би залына және 1 млн 100 мың теңгеге үйірмелер қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Жоба аясында жаңа таланттарды тәрбиелеп, үлкен сахналарға жол ашып, оларды аудандық, облыстық, республикалық байқау-конкурстарға қатыстырылуда.
Қазан айында жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың Темірбек Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Нарком Жүргенов» пьесасы Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде сахналанды. Мемлекет және қоғам қайраткері І.Қабыловтың 115 жылдығына орай «Рухани жаңғыру және Ілияс Қабыловтың мұрасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Дәуімбай елді мекенінде саябақ ашылып, қайраткердің кеуде мүсіні қойылды.
Осындай ауқымды шаралар қарсаңында Жалағаш кентінде «Тағзым» аллеясы ашылды. «Тағзым» аллеясына мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың кеуде мүсіндері орнатылды.
Сондай-ақ Қарақұм қөтерілісі құрбандарына арналған ескерткіш, Семей, Чернобыль зардабын жоюшыларға және ауған соғысына қатысушыларға арналған белгілер қойылды. Осы мақсаттарға барлығы 69 млн теңге қаржы жұмсалды. Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Ұлт келбетін ұлықтаған тұлғалар» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қостанай, Алматы, Қызылорда облыстарынан және Орал, Тараз, Астана, Шымкент қалаларынан 12 айтыскер қатысты. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға аудан әкімінің дипломдары мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Мерейтойлық шаралар Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысқан гала концертпен қорытындыланды.
2020 жылға «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Түркі әлемінің генезисі» және «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобалары бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстар жоспарланған.
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар, ұлт руханиятын жаңғырту шаралары, халқымыздың інжу-маржаны, ұлттық құндылықтарымызды түгендеу, насихаттау шаралары жалғасын табатын болады. Қазақ киносының шедеврлерін, ұлттық өрнекті ел тарихын бейнелейтін халық театрының қойылымын көрермен назарына ұсыну маңызды.
Жастардың, азаматтардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, қазақстандық патриотизмін қолдау – біздің болашағымыздың кепілі. «Туған жерге тағзым» акциясы аясындағы меморандумға сәйкес аудан азаматы Ерлан Сағынбаевтың аудан орталығынан жаңа мешіт ғимаратын салуы елге деген патриотизмнің жарқын үлгісі болып табылады.
«Рухани жаңғыру» ұғымының аясы кең, бұл – өте ауқымды жоба, қоғамдағы барлық саланы қамтиды. Бағдарламаның негізгі мақсаты қоғамдық дамуға жаңа, тың серпін беру, рухани жадыны жаңарту болса, алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар жүретін болады. Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі мақсаты – ата-бабаларымыздан қалған ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, ұлттық болмысымызбен әлемдегі жаһандану көшіне ілесу. Бұл үшін бізде барлық жағдайлар бар. Ең бастысы, өзгерістер өзімізден басталуы тиіс.
Ж.Тажмаханов,
аудан әкімінің орынбасары