ЖАУҺАР ЖЫРЛАР – ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
«Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс».Аталған жарысқа облыстан, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарының атынан командалар қатысты. Байқау кезеңдері бойынша қатысушылар өздерін таныстырып, жоғарыдағы жырларда кездесетін салт-дәстүрлер бойынша сұрақтарға жауап беріп, ұлттық қолөнер бұйымдары негізінде көрме ұйымдастырды және 5-7 минут аралығында жыр-дастандардан үзінді оқыды. Әр ауданның намысын қорғаған командалар өз дәрежесінде өнер көрсетіп, білім-біліктерін сынға салды. Жалағаш ауданының атынан барған Мырзабай ахун ауылындағы №122 орта мектеп мұғалімдерінен құралған «Сырғалым» командасы үздік деп танылып, жүлделі І орынға ие болды. Команда құрамында орта мектеп мұғалімдері Шұғыла Дүйсебаева, Айгүл Әбдіқалықова, Құралай Мамзадаевалар бар. Жеті команда ішінен ерекше көзге түсіп, аудан мерейін асырған жерлестеріміздің жеткен жетістігі біз үшін мақтаныш. №122 орта мектеп мұғалімдері байқау қорытындысымен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың І дәрежелі дипломымен, Қызылорда облысы білім басқармасының «Алғыс хатымен» және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Біздің міндетіміз – экономикамен қатар, ұлттық құндылықтарымызды дамытып және сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Осы ретте, баршамыз ел Президентінің рухани жаңғыру жолындағы бағыт-бағдарын ұстанып, жаһандану дәуірінде мақсатымызға жетуге күш салуымыз керек. Әрбіріміз ұлттық құндылықтар – ұлттың тірегі екенін ұмытпайық!
Н.АЛМАСҚЫЗЫ.







