Мейірім


Олар пәтер жалдап тұрады. Наурыз көжеге арнайы шақырам деп ойлаған едім. Құдай амандығын берсінші!
Хабарласып жүреміз жиі. Пәтер иесі осы айда тек жарты ақысын алатынын айтыпты. Айдаладағы мен қатты қуандым осыны естігенде. Алладан қайтсын! Карантин де бітсе екен тезірек...
***
Оның ай сайын жалға беріп қойған шағын ғимараты бар. Жиһаз сататын кішкентай дүкенге айналдырған жалға алушылар. Ай сайын түсіп тұратын тиынына тәубе дейтін. Ашкөз емес. Ең кемі 400 мың алатындар бар, оның қасында бұл кісінікі тиын-тебен. 200 мың теңгеге көтергені былтыр шығар... Мына жағдайға байланысты аренданы төлетуден босатыпты. Таңғалмадым. Өйткені ол адамның тым қанағатшыл екенін білем. Айналамда осындай адамдар көп және дүниенің шырқын кетірмейтін де осындай жандар.
Осындай сәтте түсіністік танытатындар - өте БАЙ адамдар! Өйткені пейілі түзу, ниеті пәк.
Айгүл Болатханқызының әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz
24 наурыз 2020 ж. 402 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930