» » » ӘДЕПТІЛІК – ӘР АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ

ӘДЕПТІЛІК – ӘР АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ


Дана халқымыз: «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке реттейтін – әдептілік», — дейді. Бүгінгі таңда осы рухани құндылықтың мәнісі қоғамның қай саласында болсын, өзектілігін жойған емес. Соның ішінде халыққа қызмет жасап жүрген мемлекеттік қызметшілер жоғары мәдениеттің, парасаттылық, сыпайылық, кішіпейілділік, әдептіліктің мінсіз бейнесін халыққа көрсетуі тиіс.
Қоғам мемлекеттік қызметшіге адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен іскерлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі өте маңызды орынға ие. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген. Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі 1 тармағына сәкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Сонымен қатар, Әдеп Кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс.
Жалпы мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сандай-ақ кодексте мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез- құлықтарының жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілгенің де айта кеткен жөн.

Куляим КАИПБАЕВА,
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы.
21 шілде 2020 ж. 644 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930