Абайдың алғашқы кітабы
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалары баспа бетін көрмей тұрған кезде-ақ дала жастарының арасында белгілі болғанын кезінде М.Әуезов атап өткен еді. Шындығында көптеген жиындарда, ойын-тойда, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен ақындар Абай өлеңін айтатын болған. Осылайша, ұлы ақын өлеңдері Абайдың көзі тірісінде халық арасында жатталып, кеңінен таралып, ауыз әдебиетінің жауһарына айналып үлгерген.
Классик жазушының «қазақ ортасында Абайдың шығармаларын сүйіп, сүйсініп оқып, ұзатылар кезінде Мүрсейіт, Самарбай, Дайырбай сияқты көшірушілерге жаздырып алып, өздерінің жасау сандығына салып алып кеткен бір топ қыздарды білеміз», – деген сөздері ақын шығармаларының қолжазба түрінде де көшіріліп таралғанын айғақтайды. Абайдың өз ауылының қыздары ұзатылғанда өздерінің жасауларының ішінде Абайдың өлеңдері мен поэмаларының, нақыл сөздерінің қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Мысалы, Әсия, Уәсила, Рахила сияқты қыздардың сондай қолжазба жинақтары осы күнге дейін сақталған.
Енді Абайдың әдеби мұрасы жинақталып, қашан баспа бетін көрді деген сауалға келейік. Абайтанушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармалары жайлы мәліметтер дүниеден өткеннен соң барып қолға алынғанын алға тартады. Расында, Абай шығармаларының толық жинағы тек ақын дүние салғаннан кейін ғана жарыққа шығады. Жалпы, Абай өлеңді өте ерте, 12 жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезеңдегі шығармалары бізге жеткен жоқ. Отыз бес жасқа келгенде ақын шығармашылыққа қайта оралады. Бірақ, бұл кезеңде де Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратады. Тек, 1886 жылы қырық жастан асқан соң «Жаз» деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қойды. Сондықтан ұлы ақынның шығармаларын жинақтап, бір ізге түсіру оңай болған жоқ.
Ақын өлеңдерін, қара сөздерін жинақтап, бастыру ісімен інісі Кәкітай мен баласы Тұрағұл айналысады. Ақын көзі тірісінде өз шығармаларын кітап түрінде жинақтамаған, көпшілік өлеңдері ел аузында жатталып, ал қолжазба ретінде жазылған нұсқалары толық сақталмағандықтан, мұрасын жинақтау ісінде көптеген қиындық туындаған еді. Сол себепті кітап етіп баспадан шығару келер ұрпаққа Абай мұрасын аманат ретінде қастерлеп жеткізумен маңызды болды.
«Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» атты Абай атамыздың алғашқы жинағы 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганскийдің баспаханасынан басылып шықты. Кәкітай мен Тұрағұлға ұлы ақынның қолжазбасын жинақтап, баспаға дайындауды тапсырған адам Әлихан Бөкейханов еді. Бұл туралы абайтанушы, ғалым Қайым Мұхаметқанұлының 1991 жылдың 28 тамызында «Семей таңы» газетінде жарық көрген еңбегінде айтылады. 1905 жылы «Семипалатинский листок» басылымында, 1907 жылы «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Русского географического общества» атты басылымда Абайдың дүниеден өткені жайлы «қазанама» (некролог) жарияланған екен. «Бұны істеген адам – Әлихан Бөкейханов» деп жазады абайтанушы, ғалым Қайым Мұхаметқанұлы.
Абайдың қазасынан (1904 жыл) кейін туыстары мен балалары ақынның мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскен. Сөйтіп, Кәкітай Ысқақұлы мен ұлы Тұрағұл 1905 жылы жазға салым Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ұлы ақынның мұрасын ел ішінен тірнектеп жинап, тапқандарын қағаз бетіне түсіруді Мүрсейіт молдаға тапсырады. Ол – Абай ауылында бала оқытқан, ақынның тапсыруымен кейінгі жылдары өлеңдерін жазып алып отырған адам. Ескіше құсни-көркем жазудың хас шебері Мүрсейіт молда әдемілеп көшірген өлеңдер саны 5 дәптерге жеткен. Жоғарыда атап кеткендей, Абай өлеңдеріне сұрау салған адамдарға да көшіріп беріп отырған. Жалпы Мүрсейіт қолжазбалары халықты ақын шығармашылығымен таныстыратын негізгі нұсқа болып табылады.
Абай өлеңдері баспадан жариялау жұмыстары қалай жүргізілгені жайында Әрхам Кәкітайұлы өз естелігінде: «1906 жылы жаз шығып, киіз үй тіккенде Кәкітай қос тіккізіп, Мүрсейіт молданы шақыртып алып: «Сен мына біз жинаған Абай өлеңдерін реттеп жаз», – деп оңаша қосқа отырғызады. Мүрсейітке қайта көшіртіп, бір ай шамасында дайындатып алып, Семейге өзі алып кетті. Осындай сергелдеңмен жүріп Абайдың бірінші өлең жинағы 1909 жылы, яғни үш жылда зорға жарыққа шықты. Абайдың өмірбаянын қысқаша ғып Кәкітай өзі жазды», – деп баяндайды.
Кәкітайдың осы алғашқы жинақты шығарудағы еңбегін «Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші – Кәкітай дейміз», – деп заңғар жазушы М.Әуезов өз бағасын береді.
1909 жылы Санкт-Петербургтағы Ильяс Бораганский баспаханасында басылып шыққан алғашқы жинақта «Халық туралы», «Өлең туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Ой туралы», «Насихат туралы», «Замандастар туралы», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Аңшылық туралы» деген атаулармен өлеңдері, «Переводтар» атауымен 41 аударма өлеңі, «Әңгіме Масғұт», «Ескендір әңгімесі» дастандары және кітап соңында Кәкітай жазған Абайдың өмірбаяны мен фотосуреті берілген. Жалпы жинақта 145 өлең, 2 дастан басылған.
Абай мұрасының адамзат өркениеті тарихындағы телегей теңіз, теңдесі жоқ қадір-қасиетіне Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов «Абай кітабына» атты өлеңінде:
Күніне жүз оқысаң
жалықпайсың,
Көз талды, шаршадым деп
талықпайсың,
Бір сөзін бір сөзінен
артық көріп,
Құмақ боп қайта-қайта анықтайсың, – деп зор баға береді. Алаштың асылы Әлиханнан кейін де Абайдың кітабын оқыған қазақтың ақын-шайырлары қаншама арнау өлеңдер жазды. Мәселен, Мағжан Жұмабаев «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген жырын арнады. Олардың қатарында Сыр сүлейлері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Шораяқтың Омары және ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының болғанын мақтанышпен айтамыз.
Ақынның туған топырағы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-өлкетану және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бас қор сақтаушысы М.Абламбаеваның айтуынша, Абай музейі қорында Мүрсейіт көшірген Абай өлеңдері жазылған дәптердің фотокөшірмесі, 1909 жылы жарық көрген кітап және оның фотокөшірмесі сақталған. Сонымен бірге Абай шығармаларының 1909 жылы араб әрпімен басылған нұсқасының аудармасын жасаған Ахат Шәкәрімұлының және Тауфиқ Досаевтың (Шәкәрімнің жиені) қолжазбалары, жинақтың факсимильді басылымы бар.
Ұзақ жылдар бойы ұлы ақын мұрасын жан-жақты насихаттап отырған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің көшпелі көрмесінің Қызылорда қаласында болуы Абай тақырыбын зерттеушілер мен қарапайым көрермендер үшін есте қалар оқиға болғаны анық.
Д.АЙБОЛАТҰЛЫ
syrboyi.kz