» » » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МҮШӘЙРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МҮШӘЙРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Өздеріңізге белгілі, биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Осыған орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен республикалық деңгейде мүшәйра өткізу жоспарлануда.

«Педагогикалық ғылымдар академиясы» ҚБ ұйымдастыруымен өтетін мүшәйраға 16-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Байқауға ақынның шығармашылығына қатысты талапкерлердің жазған туындысы қабылданады: 2 өлең (ақындар үшін) немесе 2 шағын проза (жазушылар үшін). Шығарманың тілі – қазақ/орыс тілдері. Жұмыстар баспа немесе электронды түрде ұсынылады.
Бүгінде «Педагогикалық ғылымдар акаде­миясы» ҚБ ұсынысымен Қызылорда облысы бойынша өңірлік ұйымдастырушы ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыруда. Өңірлік ұйымдастырушының мәліметі негі­зін­де бүгін аудандық газеттің 16-29 жас аралығындағы оқырмандарының назарына республикалық мүшәйра жөнінде ақпарат ұсынбақпыз.
«Байқау екі, яғни іріктеу және қорытынды кезеңі бойынша өткізіледі екен. Іріктеу кезеңі өңірлерде 10 тамыз-30 қыркүйек аралығында өткізілсе, қорытынды кезең 1 қазан-20 қазан аралығында ұйымдастырылады. Іріктеу кезеңі нәтижесі бойынша анықталған 3 жүлдегерге республикалық байқауға жолдама беріледі. Жас ақын-жазушылар үшін жаңа мүмкіндік болып табылатын мүшәйраның жүлде қоры төмендегідей. Бас жүлдеге 500 мың теңге берілсе, 1 орын иегері 300 мың теңгемен марапатталады. Ал 2 орын иегері 200 мың теңгелік қаржылай сыйақы алса, 3 орын жеңімпазы 100 мың теңгені қанжығасына байлайды. Осы ретте байқау онлайн түрде өткізіліп, қаржы үнемделген жағдайда жүлде қоры ұлғаюы мүмкін екенін айта кеткіміз келеді. Қатысушы талапкерлер үшін Қызылорда облысы бойынша өңірлік ұйымдастырушының 87472279635 байланыс телефондары мен abai_k_2020@mail.ru электронды пошта ұсы­нылады. Бүгінде қала және аудан әкімдеріне хат жіберілді, талапкерлерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде» – дейді өңірлік ұйымдастырушы.
Республикалық конкурсқа қатысушы­лар­дың өмірбаяндарының ақпараттық жина­ғы жеке кітаппен дайындалады және шыға­рылады екен. Мұнан бөлек байқау ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету үшін республикалық кезең бейнетаспаға то­лық жазылатын болады. Талапкерлер шығармасын бағалауда туындының идея­сы және композициялық тұтастығының сақ­талуына, тілдің стилистикалық және тілдік сауаттылығының көрініс табуына, тақырыпты дұрыс аша білуіне басымдық беріледі. Осы ретте аудандық білім бөлімі мен аудандық мәдениет үйлері жанындағы үйірмелер­дің мүшелерін республикалық мүшәйраға қаты­су­ға шақырамыз. Бұл ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеп, шыңға шығамын деген жастарға мол мүмкіндік.

“ЖЖ” ақпарат
21 тамыз 2020 ж. 469 0