АЛТЫН ЕРЛЕРДІҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІНЕ ЗИЯН
Хазреті Әли ибн Әбу Талибтен (р.а.) жеткен хадисте: "Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол қолына жібекті, оң қолына алтынды ұстап:
"إن هذين حرام على ذكور أمتي حل لإناثها "
"Шынында мына екеуі үмбетімнің ерлеріне харам, әйелдеріне адал", - деп айтты (Ибн Мәжа, Нәсәи).
Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылайша ерлерді жібек пен алтыннан тыйған. Сахабаларының ішінде денесіне жібектен басқа ешқандай киімді кию мүмкін болмаған соң, Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) деген сахабасына ғана қағидадан тыс жібек киюіне рұқсат берген.
Он төрт ғасыр бойы сахабалар да, олардың артынан ерген бүкіл мұсылман үмбеті де бұл бұйрыққа ойланбай бойұсынып келеді.
Сонда алтынның нендей зияны бар? Таяу арада ғалымдар егер ер адам алтын тақса, алтынның атомдары тері арқылы қан тамырларына барып, қан арқылы миының жадысына әсер етіп, есте сақтау қабілетіне зиян келтіретіндігін анықтады. Әрі ер адамның жыныстық белсенділігін төмендететіндігі дәлелденген.
Сонда әйел адамға зиян емес пе? деген заңды сұрақ туады. Әйел адамдарда 23, 24 күнде ай сайынғы тазалану процесі (хайыз) келіп, зиянды қандардан тазаланып тұрады. Әлгіндей зиянды нәрселердің сол қан арқылы денеден шығатыны да медициналық жағынан дәлелденген ақиқат.
Міне, сондықтан Құранда, сүннетте келген әмірлердің хикметіне нақылмен де, ақылмен де бойлап, бойұсынып, шүкір ету - міндетіміз болып табылады.
Ақмешіт апталығы"