» » » Назарбаев Астанадағы жаңа мешітке барды

Назарбаев Астанадағы жаңа мешітке барды


Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының қарсаңында Мемлекет басшысы Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мешіттің құрылысы мен ғимаратты электр және жылумен қамтасыз етуде пайдаланылатын баламалы энергия көздері туралы толығырақ мәлімет берілді.



Фото: Ақорда

Мешіт Есілдің оң жағалауында орналасқан. Ол 2016 жылы салынып басталды. Оның құрылысына қайырымдылықтан түскен ақша жұмсалды.
Ғимарат ұлттық орнаменттерді және декоратив элементтерді қосып, постмодернизм стилінде салынған. Күмбезінің диаметрі – 26 метр. Сырттай қарағанда мешіт дизайны гүлге және алмаздың қыры сияқты болып көрінеді.



Фото: Ақорда

Мешіттің басты ғимаратынан солтүстікке қарай орналасқан мұнараның ұзындығы – 43,5 метр және ол «қасиетті қалам» бейнесінде жасалған.
Мешітке 750 адам сыяды. Аумағы – 2 48 шаршы метр. Ал жалпы учаскенің аумағы – 1,44 га.





Фото: Ақорда



https://baq.kz
02 мамыр 2018 ж. 903 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 023

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30