Қысқаметражды фильмдер байқауы басталды Шымкентте жас режиссерлар арасында дәстүрге айналған қысқаметражды фильмдердің байқауы басталды. Биылғы кинотуындылар сайысы Астананың 20 жылдық мерекесіне арналып отыр. Өткен жылы бұл фестиваль «Самғау-2018» атауымен өткен болатын. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы 20 жас талантты режиссер бақ сынаған болатын. Ал Астананың мерейтойына арналған байқауға қатысушылар саны екі есеге көбеймек. 5-10 минуттық шағын туындыларда отбасы құндылықтары, жемқорлықпен күрес, спорт және бас қала Астана тақырыптары көрініс табуы тиіс. Ең үздік деп танылған қысқаметражды фильм жарты миллион теңгені жеңіп алады.Береке Дүйсебеков, облыстық жастар рессурстық орталығының директоры:– Бұл фестивальдің бірден-бір ерекшелігі біздің өңіріміздегі кино индустрия саласына үлкен мән беріліп, жас таланттардың жылма-жыл артып келе жатқанын біз көзімізбен көріп отырмыз. Фестивальдің мақсаты – осы талантты шығармашыл жастарға қолдау көрсетіп, өнеріне, шығармашылығына жағдай жасау, мүмкіндік беру.http://www.syrboyi.kz Жаңалықтар / Руханият 11 маусым 2018 ж. 755 0