» » » Бурабайда «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығы ашылды

Бурабайда «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығы ашылды

Бурабайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығы ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде Бурабайдағы Жекебатыр тауының баурайындағы Ақылбай орман шаруашылығы аумағында салынған визит орталықтың ашылуы рәсіміне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин және жобаның авторларының бірі тарих ғалымдарының докторы, археолог, Ботай мəдениетін ашқан Виктор Зайберт пен «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұханов қатысты.
Ботай мәдениетіне тән нысан сол дәуірдегі жеті баспанадан тұрады. Әр баспананың диаметрі 8-10 метрді құрайды. Үйлердің жертөлелері бір метр тереңдікте, ал жоғары жағы ағаштан қиылып салынған. Төбесі шөп, тері, балшық және сабанмен жабылған. Барлық үйлер жерасты жолы арқылы бір-бірімен жалғасады. Әр үйдің сол кезеңге сай өзіндік ерекшеліктері бар. Біреуінде қару-жарақ сақталса, екіншісінде сол кездегі кәсіп пен ұлттық тағамдар әзірлеу тәсілдері көрсетілген. Келген адам ескі дәуірге сапар шеккендей әсерде болады. Құрылыс жұмыстары айналасы екі айдың ішінде жүзеге асырылды. Нысанға жол-инженерлік коммуникация жүйелері де тартылған екен. Жоба ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің бастамасымен Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
08 шілде 2018 ж. 1 197 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930