» » » Көпшілік алдында сөйлеу: аудиторияны меңгерудің психологиялық аспектілері және ораторлық қабілет» атты семинар-тренинг өтті

Көпшілік алдында сөйлеу: аудиторияны меңгерудің психологиялық аспектілері және ораторлық қабілет» атты семинар-тренинг өтті

       Кеше Қармақшы ауданында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ақпараттық топтар қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Көпшілік алдында сөйлеу: аудиторияны меңгерудің психологиялық аспектілері және ораторлық қабілет» атты семинар-тренинг өткізілді.

          Семинар-тренингте «Аудиторияны меңгерудегі сөйлеу шеберлігінің маңызы» тақырыбында  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит, «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қауымдастырылған профессор м.а., психология ғылымдарының кандидаты Аяғанова Алмагүл, «Ақпараттық соғыста қорғаныс амалдары» тақырыбында  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, экономика ғылымдарының кандидаты  Құлмырзаев Нұрлан дәріс оқып, өздерінің ораторлық шеберліктерінің қыр-сырларымен бөлісті.
          Семинар барысында «Ақпараттық соғыста қорғаныс амалдары» тақырыбында көптеген талқылаулар болды. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев желі арқылы тарап жатқан жалған ақпартты қалай анықтау керектігін егжей-тегжей түсіндірді.Сәйкесінше қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар да көп болды.
           Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өткен семинар-тренингте көпшілік алдындағы сөйлеудің әртүрлі ерекшеліктері, мәселелері мен шешу жолдары, қазіргі кездегі ақпараттық соғыстағы тың жаңалықтар айтылды. Қатысушылар семинар-тренингтің өте жоғары деңгейде өткеніне, қолданылған материалдардың да жақсы дайындалғанын айтып, пікірлерін білдірді.
26 шілде 2018 ж. 1 404 0