» » » Қоғамдық кеңес – билік пен бұқара арасындағы дәнекер

Қоғамдық кеңес – билік пен бұқара арасындағы дәнекер

«Достық үйінде» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын күшейту мақсатында облыстағы қоғамдық кеңес мүшелерінің І форумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов қатысты.
– Ұлт жоспары аясында қолға алынған қоғамдық кеңес – Елбасының  тікелей тапсырмасы негізінде құрылды. Бұл ұйым қоғамда өзінің маңыздылығын көрсетті. Себебі, қоғамдық кеңес – атқарушы билік пен бұқара халықты байланыстырып отырған дәнекер. Яғни, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтумен бірге елдің се­німділігін қалыптастырды. Қазіргі сәтте алдымызда аталған ұйымның жұмысын заманауи тұрғыда жүргізу міндеті тұр.  Осы тұрғыда қоғамның пікірін ескере отырып, бірлесе жұмыс жасасақ, ісіміздің нәтижелі болатыны сөзсіз, – деді Руслан Рүстемұлы.
Қоғамдық кеңес – Ұлт жос­парының нақты қадамдарының бірі. Осы кеңестер арқылы еліміздің кез келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады. Демек, мемлекеттік органдардың қан­дай да бір шешім қабылдауына ықпал етеді. “Қоғамдық кеңес” туралы қабылданған Заңның маңыздылығын сөз еткен мәжіліс депутаты Б.Кесебаева қазіргі таңдағы қоғамдық кеңестің билік пен халықты, түрлі сала өкілдерін біріктіретін басты механизм екенін баса айтты.
– Бұл форумның билік ор­ган­дарының өкілдерін, сарап­шыларды, кәсіпкерлерді бірік­тіріп отырған күш екендігі бізді қуантады. Негізінен билік қызметінің азаматтық қоғам үшін ашықтығы бүгінгі күні маңызды рөл атқарады. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының бес инс­титуционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатында “Қо­ғамдық кеңес” туралы Заң қабылданған болатын. Бұл Заң елімізге қоғамдық бақылау жүйесін енгізіп, қоғамға нақты есеп беретін мем­лекетті қалыптастыруды көз­­­деп отыр. Осы заң аясында қа­лып­тасқан Қоғамдық кеңес – азаматтық  қоғамның мүд­де­­лерін білдіру, шешімдерді тал­қылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бас­тамаларды іске асыру, орган қызметіне сенім деңгейін арттыру, әлеуметтік шиеліністердің алдын алу мен оның шешу міндеттерін басшылыққа алуда. Қазіргі кезде республикада 230-ға жуық Қоғамдық кеңес жұмыс атқаруда, – деді Балайым Туғанбайқызы.
Жиын барысында халық пен билік арасында алтын көпір бол­ған кеңестің қызметі жайында облыстық мәслихат хатшы­сы Наурызбай Байқадамов сөз алса, “Облыстағы қоғамдық кеңес қызметінің негізгі бағыт­та­ры мен алға қойған міндеттері ту­­ралы” облыстық Қоғамдық кеңес төрағасының орынбаса­ры Б.Досмамбетов,  “Сыбай­лас жемқорлық сипатын­да­ғы қылмыстық құқық бұзу­­шы­­­лықтардың орын алуына се­беп болған жағдайларды жою бо­йынша өткізілген талқылаулар” туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ермек Тленов, «Жергілікті қоғамдық кеңес­­тердің жұмысын сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-шараға ба­ғыттау мәселелері» бойынша Жаңа­қорған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сәулебек Ысқақов хабарлама жасады.
Басқосу соңында форумға қатысушылардың ұсыныс-пікір­лері тыңдалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Үндеу оқыл­ды. Өңірімізде алғаш рет өткізілген форумда облыстық Қоғамдық кеңесі алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын барынша күшейтіп, онымен күресуде бірлесе іс-шара қабылдауға уағдаласты.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы”.
26 тамыз 2018 ж. 839 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930