» » » АСАРЛАР ТАРИХЫ: ДОМАЛАҚ АСАР

АСАРЛАР ТАРИХЫ: ДОМАЛАҚ АСАР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бір бөлігі туған жердің ұлттық құндылықтарын қадірлеуге арналған. Соның бірі – еліміздің киелі де, қасиетті орындарын құрметтеу. Олардың тарихы мен тағылымын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Елбасы аталған мақаласында біртұтас ұлт болу үшін қоғамдық сананы жаңғырту, ол үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдете сіңіру қажеттігін атап көрсетті. Осы мақсатта елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалып, көне қалаларды одан әрі зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Киелі Жалағаш топырағында ежелгі қалашықтар мен мәдени-ескерткіштер көптеп кездеседі. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін суреттейтін бұл киелі жерлердің қатарында көне асар төбелер де бар. Солардың бірқатары аталған ауданның Таң ауылы аумағында орналасқан.
Киелі орындардың бірі – Таң ауылының оңтүстік-шығысында шамамен 9-11 шақырымдай жерде орналасқан «Домалақ асар» қалашығы. Қаланың ежелгі атауы мен тарихы әзірге белгісіз. Бұл жерді жергілікті тұрғындар Естек асар деп те атайды. Себебі, сол маңда ертеректе «Естек» деген көлдің табаны болған деседі.
Қала екі сатылы қабаттан тұрады. Жоғарғы қабаттағы төбе (қала әміршісі тұратын ішкі бекініс) жалпы формасы төртбұрышты болып келген. Көлемі 50х50 метрді құраса, биіктігі 15 метрге жуықтайды.
Қалашықтың ішкі беті бел ортасына қарай ойыңқы. Бекіністен дуалға дейінгі аралықта, аумағы 30 метрдей бос кеңістік жатыр. Заманында қорған айнала дөңгелек пішіндегі күзет мұнаралары бар дуалмен қоршалған.
Қазіргі уақытта дуал құландыларының ені – 612 метр. Қала сырты ені 7-8 метр болатын ормен қоршалған. Жалпы, қаланың көлемі 160 х 280 метрден асып түседі.
Айта кетейік, бұл асарға 1962 жылы Хорезм археология-этнографиялық экспедициясы барлау жұмыстарын жүргізіпті. Алайда, кейін қазба жұмыстары қолға алынбаған.
10 қыркүйек 2018 ж. 1 742 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031