ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСТЕЛІК
Бала күнімізде күріш алқабын құдды бір өркениеті дамыған қалаға ұқсататынбыз. Себебі, дала дүбірі басталған уақытта көш керуені егістікке бой түзеп, көкте самғаған ұшақ сол маңнан көрінетін.
Бірде даланы айнала ұшқан ұшақты тамашалап тұрғанда, егістіктен ауылға қарай бет алған аттың шаңы көрінді. Бәріміз соған қарай асығып, жүгіріп келеміз. Бірінші болып жеткен бала: «Аға, анаааау самолетке мінгізесіз ба?» – деді ентіккен даусымен. Ол кісі бір күліп алды да: «Ұшақта қазір орын жоқ, ертең азанда кім бірінші ерте тұрады, соны апарып мінгіземін. Бірақ, ешкімге айтпаңдар» деді.
Бұл сөзге сеніп қалған балалардың бірі сол түнді ұйқысыз өткізсе, енді бірі анасынан таңертең ерте оятуды өтініпті. Сөйтіп, таң да атты, балалар бірінен соң бірі көшеге шығып, әлгі адамды тағатсыздана күтіп тұр. Олардың бұл әрекетіне ата-аналары да аң-таң. Ерте тұрудың себебін сұрағанымен балалардың ешқайсысы үн қатпады. Олардың бар ойы – ұшаққа міну.
– Бәрің жиналып қайда барасыңдар? Ұйықтаңдар, әлі күннің көзі де шыққан жоқ, – деді қой кезекке малын қосуға асыққан әжей.
– Әже, біз самолетке мінеміз.
– Қандай самолет, оны қайдан шығардыңдар?
– Күнде осы жерден ұшатын ұшаққа.
Мұны естіген қарт ана (бір күліп алып) кейін қарай шегінді де: «Оған мінгізбейді сендерді. Ол ұшақ егістікке тыңайтқыш себуге арналған. Үйлеріңе барыңдар, әке-шешелеріңе айтпай тұрғанда» деді. Содан бұл әрекетіміз бекер екенің ұғып, үйге қайта кірдік.
Күндердің бір күнінде әлгі ұшаққа мінгізуге уәде берген адамды кездестірдік. Бір қолында қап, арқасына артқан шөбі бар екен. Бізді көріп: «Балалар, сәл күтіңдер қазір келемін» деді. Оның сөзіне ешкім мән бере қойған жоқ. Ол кезде ұшақ жайында әңгіме де болмады. Себебі, балалар оған өкпелі еді.
Түске таяу алыстан мотоцикл көзге көрінді. Алаңсыз ойынға кіріскен балалар оны елей қоймады. Қасымызға келіп: «Мініңдер, кеттік» деді де, үш аяқты көлігін кейін қарай бұрды. Кент ішінде жүйткіп келеді. Балалар да үн жоқ...
Бала кезімізде дорба арқалаған қайыршылар үй-үйді аралап, көше кезіп жүретін. Оны көрген ойын балалары қорыққаннан үйлеріне қарай қашатыны есімде. Үлкендер: «Сігән келе жатыр, дорбасына салып алып кетеді» деп қорқытады. Мұны естіген балалар қайыршыларды алыстан көрсе үрейленіп, тығылып қалуға тырысатын. Әлгі мотоциклге мінген кезде де осы қайыршыларды жолай көріп қалдық. Бәрі де көзіне жас алды да, жылап қоя берді. Әлгі аға: «Жыламаңдар, самолетке мінуге бара жатырмыз» деп бәрімізді жұбатумен әлек. Өзі сондай мейірбан, жүзі жылы кісі болатын.
Әне-міне дегенше, беттеген жерімізге келіп жеттік. Қарасақ ұшақ тұр. Кезек-кезек ұшаққа мініп, демалыс орнындағы таңғажайыптарды тамашалап жүргендер көп. Біз де, дереу сол маңға жақындап, ұшақты көріп тамсанып тұрмыз. Көп ұзамай біздің де кезек келді, биік сатымен ұшақ ішіне кірдік. Ұшып, биікте самғамасақ та алып техниканы қолмен ұстап, көзбен көргеннің өзі біз үшін үлкен қуаныш болды. Арада бір-екі сағат өткеннен соң, келген көлікпен кері қайтып, жадыраңқы көңіл-күймен тарқастық. Бұл ұшақ қазіргі «Жеңіс паркінің» ішінде болатын.
Егістікті айнала ұшып жүрген әлгі ұшаққа мінбесек те, кейін орталықта тұрған осы ұшақты тамашалауға жиі келуді әдетке айналдырдық. Осылайша, арнайы көрмеге қойылған бұл ұшақ көкке ұшпаса да, қыранша самғаған самолетті көзбен көргісі келген талай баланың арманын орындаған еді...

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.