» » Tізгіндеген темір тұлпарды

Tізгіндеген темір тұлпарды

Механизатор – ауылдағы көп еңбек адамының бірі ғана емес, бірегейі, елеулісі. Олар егістікке дән себілген сәттен бас­тап, қара күзге дейін далада еңбек етеді. Соның бірі – «Байтабын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 30 жылдан астам еңбек еткен Серік Аманов.
Белгілі механизатор егін саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, қамбаны қы­зылға толтыруға үлес қосып келе­ді. Талай техниканы тізгіндеген ол қазір ХТЗ-150 тракторын жүр­зі­деді. Жүрзігіп қана қоймай, ауыр тех­ни­ка­ның қалыпты жұмыс жасауына, егіс­тікті күтіп-баптауға жауапты маман. Оның негізгі қызметі де сол.
– Кешегі кеңес заманында темір тұлпардың құлағында ойнаған аталарымыз бен ағаларымыз әлдеқашан зейнет демалысына шығып кеткен. Бізге дейін жұмыс істеген механизаторлар бесаспап маман болған. Олар тракторды да, комбайнды да жүргізе беретін. Біз де сол еңбеккерлердің ізін жалғап келеміз. Бүгінде қызу жұмыс басталды. Биыл 1570 гектар жерге күріш, 163 гектарға жаңа жоңышқа, 527 гектарға ескі жоңышқа, 50 гектар жерге мақсары, 60 гектарға арпа егілді. Осының барлығы еңбек­керлердің жемісті жұмысының бір көрінісі деуге болады. Бұл егінді шаш­пай-төкпей жинауға техникалары­мыз сақадай сай тұр, – дейді механи­затор.
Айта кетейік, «Байтабын» жауап­кершілігі шектеулі серіктес­тігінің ди­­­қан­­­­дары былтыр күріштің әр гекта­­­­­­­­­­­­­­ры­­­­­­нан 67 центнерден жоғары өнім ал­­­­­­­­­са, биыл да сол межеден шығуды көз­­­­­­­­деп отыр.

Шаруашылықта ала жаздай дала қосында жатып, егінді күтіп бапта­ғандарға да сыйақы қарас­ты­рыл­ған. Оларды алтын күз соңын­да се­ріктестік басшысы марапаттап, қар­­­­­­­жылай сыйлық үлестіреді екен.
– Құрылым мен жұмысшылар ара­сында еңбек шарты және ұжым­­­­­дық­ шарт жасалған. Ай сайын­ ең­бек ақысымен есептесіп, жыл қоры­­тын­дысымен қосымша сыйақы тағайын­дайды. Жоғары көрсеткішке жеткен комбайншылар мен мол өнім ал­ған су­шыларға арнайы жүлделер бері­леді, – дейді егістіктегілер.

Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).

11 қыркүйек 2018 ж. 961 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930