» » байланысшы мейрамбек

байланысшы мейрамбек


Төзімділік пен ұқыптылықты қажет ететін темір жол саласы – ел экономикасының күретамыры. Ондағы қызметкерлер жаздың аптап ыстығы мен қыстың ызғарлы суығына қарамастан шойын жолдағы жүк пойыздарының уақытылы келіп кетуін қадағалайды. Осындай жауапты жұмыстың бел ортасында жүргендердің бірі – Мейрамбек Боранбаев.

Ес білгелі пойыз, вагон, вокзал, темір жол деген сөздер оған жіті таныс. Себебі, атасы да, әкесі де өмір бойы темір жол саласында еңбек етіп, аталған саланың дамуы жолында өзіндік қолтаңбасын қалдырған. Мейрамбек Боранбаев та 27 жылдан бері «Қазақстан Темір Жолы» АҚ Ұлттық компаниясы Қызылорда байланыс дистанциясының ШЧ-39 байланыс электр механигі болып абыройлы еңбек етіп келеді. Жалпы айтқанда Қызылорда мен Жосалы аумағындағы шойын жол бойында байланыс желісінің қалыпты жұмыс жасауына жауапты кәсіби маман.
– Бұл сала үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Өйткені, жүргізушілер, олардың көмекшілері мен жолсеріктері миллиондаған жолаушылардың өміріне және тасымалданатын мыңдаған тонна жүктерге жауапты. Бұл ретте кәсібилік пен шеберлік, әр қызметкердің сабырлылығы мен өз ісіне адалдығы қажет. Оспан әкем мен Боранбай атам да осы салада еңбек етті. Сондықтан бұл жұмыс маған таңсық емес. Ал, өзім темір жол саласына 1991 жылы келдім. Содан бері байланыс-электр механигі болып жұмыс жасаймын. Мұнда тәртіп темірдей мықты. Мен бастаған уақытта өте ауыр еді. Әрине, қазір де оңай ештеңесі жоқ. Дегенмен, дамыған заманға ілесіп, құрылғылардың барлығы компютерленді. Әр саланың өзіндік қиындығы болады емес пе?. Жұмыс барысында, тіпті демалыс уақытында да уақытпен санаспай шақыру түссе күні-түні дереу жұмыстан табыламыз. Себебі, байланыс болмаса пойыз қозғалысы да тоқтайды. Сондықтан, байланыс кабелдерінің қалыпты жұмыс жасауын қадағалаймыз, – дейді Мейрамбек Оспанұлы.
Оның ұядай ғана 1 бөлмелі жұмыс орнында 7-8 тоқ станциясы, 200-ге жуық телефон пульттері мен байланыс аппараттары орнатылған. Сол құрылғылардың тілін тауып, таң атқаннан күн ауғанша тікесінен тік тұрып жұмыс жасау да аса ұқыптылықты қажет етері анық. Мұнымен қоса, аптасына 1-2 рет аудан көлеміндегі темір жол учаскелерін аралап, байланыс кабелдерін тексеріп шығады. Себебі, байланыс желісі қалыпты жұмыс жасамаса онда пойыз қозғалысы да өз жұмысын тоқтатады екен. Сондықтан бұл саланың уақытпен санасуды, жұмысқа салғырттықты көтермейтіндігін айтады кәсіби маман.
Иә, Батыс пен Шығысты жалғайтын күре жолдың бойымен күніне мыңдаған тонна тауар тиелген жүк вагондары ерсілі-қарсылы жүйткіп жатыр. Біздің аумақтан бұл пойыздардың қауіпсіз әрі техникалық кедергісіз өтуіне де осы мамандар жауапты. Жалпы, қай жағынан алсақ та теміржолшылар ел игілігі үшін қоғамда елеулі жұмыстар атқарып келеді.
Н.ҚАЗБЕКОВ.
М.АХМЕТОВ (сурет).

04 тамыз 2018 ж. 951 1

Гость Jeaplause от 6 ақпан 2019 08:27
Levitra Schmelztabletten Preise Top Canadian Pharma Companies cialis canada Ou Acheter Du Cialis Online Pharmacy Customer Care Services Flovent Prezzo Viagra Europa propecia y viagra Kjop Lasix Usa Pharmacy Cialis accutane online india Buy Viagra Cheapest Order Discount Propecia Cialis Generico 5 Mg cialis 5 mg Will Keflex Treat Gonorrhea

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930