» » ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

Тәуелсіздік алған жылдардан бері ел Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыруда ауқымды істер атқарылуда. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үздіксіз даму үстінде. Қазақстанның осындай жетістіктерге жету жолында мемлекеттік қызметшілер мен ел қорғаны – полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Олар өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің егеменді, тәуелсіз, демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына үлкен үлестерін қосып келеді.

Расында, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, сондай-ақ әділдік пен жауапкершілікті талап етеді. Адам құндылығына қызмет ету қашан да абыройлы міндет екенін ойласақ, сенім артқан жандардың үмітін ақтау, көптің көңілінен шығу соншалықты қиын болмақ. Қазіргі жаһанданудың биігіне қол созған тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жүрген осы лауазым иелері қандай құрметке болса да лайық. Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасының Жарлығымен 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Осы мереке қарсаңында аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мереке иелерін құттықтады.
–2013 жылдан бастап Елбасы Жарлығымен 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Бұл мемлкеттік қызметшілерге көрсетілген құрмет пен сенім екені белгілі. Сондай-ақ, биыл Қазақстан полициясының құрылғанына да 26 жыл толып отыр. Қазіргі таңда ауданда барлығы 152 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Осы қызметшілердің 69 пайызы ер азаматтар болса, 34 пайызы – қыз-келіншектер, ал 15 пайызы 29 жасқа дейінгі жастар болып табылады.
Мемлекеттік қызмет жауапты міндеттер жүктейтін абыройлы да мәртебелі лауазым. Әрбір қызметші өзіне артылар жауапкершілік жүгінің қаншалықты ауыр екенін сезініп, бағалай білуі тиіс. Қарапайым халыққа үлгі болып, жұмыста да, отбасында да сөзі мен ісі арқылы ерекшеленуі тиіс. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік қызметшілер Президентіміздің аудандағы сенім білдірген өкілдері болып табылады. Ендеше, барлық мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, – деді өңір басшысы Қайратбек Әубәкірұлы.
Сонымен қатар, ел үшін адал қызмет етіп жүрген бірқатар сала мамандарын, мемлекеттік қызмет істері ардагерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапаттап, сый-сияпаттарын тапсырды. Мұнан бөлек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев қоғамдық өмірге белсене араласқан бір топ ардагерлерді мерекесімен құттықтап, облыстық және аудандық ардагерлер кеңесінің «Алғыс хаттарын» табыс етті.
Біз өз кезегімізде Отанымыздың гүлденуіне, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып, мемлекеттік қызмет саласының мәртебесін арттырып жүрген жауапты маман иелерін мерейлі мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне табыс тілейміз.
Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
Н.АЛМАСҚЫЗЫ,
М.АХМЕТОВ (сурет).


23 маусым 2018 ж. 1 184 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930