Сарайшықта жасалған сазсырнай
Атыраулық оқушылар демалыс күндерін Сарайшық ауылында өткізеді. Бұл бастаманы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алып отыр.
Жібек жолы бойында орналасқан көне шаһардың орнынан табылған құнды жәдігерлер арнайы музейде сақталған. Оқушылар тарихи орынмен танысып қана қоймай, тарихына қанығады, шеберлік сабақтарына қатысады. Осы демалыс күндері балалар қыш құмыра мен сазсырнай жасауды үйренді. Қолөнер шебері Жайлау Таласов: «Қазір тұрмыстық бұйымдардың басым бөлігі химиялық қоспалар арқылы жасалады. Оның зияны айтпаса да түсінікті, сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртуымыз керек. Бұрынғы киіз бен текеметті тәрк етіп, синтетикалық өнім пайдаланғанды жөн көреміз. Ата-бабамыз тазалыққа ерекше мән берген. Мысалы, киіз үйде теріс энергия жиналатын бұрыш болмағандықтан, шеңбер бойымен сырт айналып кетеді. Жаңа заман талабына сай болған жақсы шығар, бірақ өткенімізді де ұмытпаған абзал», – дейді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризмді дамыту бөлімнің бас маманы Алмас Көпжанов туристік бағыттағы тағылымды шаралар жыл бойына жалғасатынын айтады. Мектеп оқушыларына демалыс күндері арнайы саяхат ұйымдастырылып, ұлттық ойындардан жарыс, тақырыптық дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізіп тұру дәстүрге айналады.

Бақытгүл БАБАШ,
https://egemen.kz
https://egemen.kz