Әлемнің үздік дәрігерлері Семейде бас қосты
Астана, BAQ.KZ. «Медициналық білімді, ғылымды және практиканы модернизациялаудағы замануи инновациялық әдістер». Бұл Семейде өтіп жатқан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның атауы. Айтулы жиынға жаһанның үздік дәрігерлері мен ғалымдары келді, деп жазады altaynews.kz
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің 65 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Оның ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов және ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысты. Ал ғұламалар жиынының жұмысына АҚШ-ғы жетекші хирургтардың бірі, травматолог-ортопед Жолдас Құлжанов, әйгілі итальяндық профессор Лука Брузати, Жапониядағы Кочи университетінің профессоры Кен Иноэ, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова, Назарбаев университеті медицина кафедрасының профессоры Сандро Венто, сондай-ақ Цюрих қаласындағы университет ауруханасының профессоры Филип Герч қатысуда.

«65 жылдың ішінде Семей Мемлекеттік медицина университеті, 26 мыңнан астам мамандарды даярлап шығарды. Басым бөлігі Қазақстан мен алыс-жақын шет мемлекеттерде абыройлы қызмет етіп келеді. Олардың арасында 7 жоғарғы оқу орынның ректоры, 26 денсаулық сақтау саласының жетекшілері, 85 Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, 284 бас дәрігер және 383 доценттер мен профессорлар бар. Университет түлектеріне сұраныс жоғары. Бүгінде олар Жапония, Израиль, АҚШ, Пәкістан, Үндістан, Палестина, Сирия және тағы да бірқатар елдерде табысты еңбек етуде. Осы аралықта 249 ғылым кандидаттары, 65 ғылым докторлары, 69 PhD докторлары әрі 213 магистрлар дайындалды», – деген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов, білікті кадрларды дайындауда университеттің қауқары жоғары екенін тілге тиек етіп, сала министрінің құттықтау хатын жолдады.Алқалы басқосуда шұғыл медицина дамуының замануи бағыттары, клиникалық медицинаның өзекті сұрақтары, ядролық медицина және онкология, хирургияның, травматологияның және Қазақстандағы кардиохирургияның өзекті сұрақтары, сол секілді медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар сынды бірнеше секция бойынша ғалымдар ойларын ортаға салды. Бұдан басқа, дүние жүзінің озық дәрігерлері шеберлік сағаттарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.