» » » Ақордада елтаңбаның жаңартылған нұсқасы орнатылды

Ақордада елтаңбаның жаңартылған нұсқасы орнатылды

Қазақстан Президентінің резиденциясы Ақордада Qazaqstan сөзі жазылған мемлекеттік елтаңба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ, елтаңбаның жаңартылған нұсқасы Мәжіліс, Сенат және Қазақстан үкіметінің ғимараттарында пайда болды.

Еске сала кетейік, осыған дейін мемлекеттік елтаңбадағы жазбаның өзгертілетіні хабарланған еді. Қыркүйекте Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев пен мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің және "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК өкілдерінің қатысуымен жиын өткен болатын.
08 қараша 2018 ж. 654 0