» » » ПСИХИАТРЛАР НЕГЕ ЕМХАНАҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ?

ПСИХИАТРЛАР НЕГЕ ЕМХАНАҒА АУЫСТЫРЫЛДЫ?

Жүйке ауруларының себебін білу мақсатында «Облыстық психикалық денсаулық орта­лығына барғанымызда, «мұндай орталықтар дәрігер­лерін таратып жатыр» деген хабардың анық-қанығын сұрадық.



  Шын­дығында, психиатрлар мен психологтар таратылмаған, тек жұмыс орны өзгеріп, 4 емханада ашылған алғашқы психикалық денсаулық ор­талығына бекітілген. Енді әрбір қала тұрғыны осы емханаларда психиатр мен психологқа көріне алады. Бұрын жағдай басқаша еді. Айталық, Ердосқа медициналық тек­серуден өту кезінде, пси­хиатрға жолдама берілсе, ол бармауы мүмкін. Себебі, «Облыстық психикалық ден­саулық орталығына» барып, психиатрға көріну «ұят». Ол мекемеде «нағыз жүйке ауруымен ауыратын адамдар емделеді» деген халық арасында түсінік бар. Бірақ, бойыңда нендей дерт барын білмей, күдікпен күн кешу кімге пайдалы, кімге зиян? Ұят пен надандықты шатастырмау керек. Сол үшін пациенттер дәрігерге дер кезінде қаралсын деп, орталық емханаларға арнайы психиатр мен психолог бекіткен.
Республика бойынша «Облыстық психо-неврологиялық аурухана» деген атаудың «Облыстық психикалық денсаулық орта­лығы» деп өзгертілуінің де себебі осында. Орталық атауының өзі айтқанда қолайсыздық тудырмауы қажет.
Айтқандай, дәрігер­лер­­мен әңгімелесе жүріп, бү­гінде ауруханаға психиатр дәрігер жетіспейтінін білдік. Рас, бұл сала сабырлы мінез,  төзім қажет етеді. Бірақ болашақ дәрігер, қазіргі студенттер мұны ескерсе, елге тиімді іс болар еді.

Айдана ЖҰМАДИНОВА.
08 қараша 2018 ж. 792 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930