» » » МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛДАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛДАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ


Ағымдағы жылдың 24 қазаны мен 14 қарашасы аралығында облыс аудандарында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Руханиятты қолдау" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың оңтайлы жолдары» атты оқыту семинарлар өткізілді.

       Тәуелсіз еліміздің қарқынды дамуы жолында елімізде көптеген бағдарламалар, іс-шаралар жүзеге асырылуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту бағытындағы бағдарламалары мен бағдарламалық мақалалары көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің шешу жолдарын қарастырғандықтан, бүгінде бұл мемлекеттік құжаттар күн тәртібінде тұрған мәселе деуге де болады.Осыған орай облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысмен қазан айының 24 жұлдызынан бастап аудан оталықтарында ақпараттық топ мүшелеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
       Оқыту семинары барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы А.Рахымов, "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы филиалының Қазалы аудандық бөлімінің маманы Г.Бөрібайқызы,
Сырдария аудандық бөлімінің HR-менеджері Н.Қасымбекова, Қармақшы аудандық бөлімінің HR-менеджері Қ.Қожахметов,  Жалағаш аудандық бөлімінің маманы А.Оркашбаев, Шиелі аудандық бөлімінің бөлім басшысы А.Мұратбекұлы, Арал аудандық бөлімінің HR-менеджері Б.Орынбекұлы сала бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін, әрі қарай жетілдіру мен оңтайлы іске асыру жолдарын баяндап, қатысушылардың сауалдары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.
       Сонымен қатар, Сырдария аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы А.Байымбетова, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” басышысының орынбасары Д.Алтынбаев сала бойынша атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар жайлы баяндама оқыды.
         Аталмыш оқыту семинарларына аудандық ақпараттық топ мүшелерімен қатар, ХҚКО, медицина, БАҚ, білім саласының қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік бағарламаларды халыққа насихаттау мен оларды жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын түсіндірген аталмыш оқыту семинары алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
16 қараша 2018 ж. 548 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30