ТЫҢ ТУЫНДЫ ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАРҚАТТЫ
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тұтас тарихымызды тануға, оны келер ұрпақ бойында жаңғыртуға мүмкіндік береді. Шынында, біздің төл тарихымыз қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуы тиіс. Бұған қажетті дәлелдер де жоқ емес. Мәселен, соңғы жылдары табылған тарихи жәдігерлер бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін көрсеетеді. Бұл мұралар өз кезегінде төл тарихымызға тың көзқараспен қарауға жол ашады.
Мемлекет басшысы айтқандай, расында қазіргі таңда тарихымызға оң көзқарас керек. Үлкен еңбектерге үңілсек, атамекенде қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмағанын байқаймыз. Осы жайттарды ұмытсақ, бізді ешкім кешірмейді. Сондықтан, керісінше санқырлы әрі ауқымы кең тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға әрбір ұрпақ міндетті.
Қазақ мәдениетті кейінгі буын бойында қарапайым тұрмыстағы отбасылық тәрбиемен жаңғыртты. Мәселен, Елбасы мақаласындағы атқа міну мәдениетін алып қарайық. Бұл да тұрмыстық жағдайда баланы шаруаға бейімдеу мақсатында қалыптасқан дүние емес пе? Болмаса, тікелей тек жылқы малына қатысты тіркестер бізге сырттан келген жоқ. Осының өзі атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағанын аңғартады.
Жалпы, тың туындының қай бөлімін алып қарасақ та мұнда үлкен дүние жатқанын аңғарамыз. Елбасы тұнып тұрған тарихты бір ғана туындымен көз алдымызға әкеліп отыр. Мемлекет басшысының бұған дейін де айтқан өз сөзімен қорытындыласам, расында төл тарихымызда қазақ ұялатындай ештеңе жоқ. Керісінше, біз ауқымды әрі санқырлы тарихымызбен, батыр-бабаларымызбен мақтануымыз керек.
Әлтай ПІРМАНОВ,
Есет батыр ауылының ардагерлер кеңесі төрағасы.