БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ
Ел тағдыры сынға түскен сындарлы сәтте халқымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сенім артып, мемлекеттің тізгінін ұстатты. Міне, содан бері ел халқы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған баға жетпес байлығымыз – Тәуелсіздік туын көкке көтеріп, ел көшін алға сүйреген Тұңғыш Президентпен бірге келеді.
Мемлекет басшысы – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Оның стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегендігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында жас мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Мұның бәрі – еліміздің Тұңғыш Президенті, кемеңгер көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.
Сәл тарихқа шегінсек. Кеңестік үкімет күйреген сәтте Қазақстанның көшін алға бастайтын көшбасшы қажеттілігі туындады. Сөйтіп, 1991 жылдың 1 желтоқсанында – Қазақстан Республикасының Президенті сайланып, жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Елбасы Н.Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. Содан бері жиырма жеті жыл уақыт өтті. Бұл біз үшін біршама уақыт болғанымен, тарих үшін бір сәттік кезең. Осы ширек ғасырда егемен еліміз қаншама қиыншылықтарды бастан өткізді. Тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Алайда, көштің басы тасқа соғылған жоқ, Елбасы осы қиындықтардан халқын аман алып шықты. Жарқын келешектің есігінен енгізіп, алдағы бағытын айқындап берді.
Әлемдік жиындардың үлкен мінберлерінен сөз алған Елбасы әркез бүкіл адамзатты бейбітшілікке үндеп, татулыққа шақырып келеді. Әлемде ядролық қарулардан бас тартқан ең алғашқы Президент болып та күллі адамзаттың құрметіне бөленді. Ең алғаш Елорданың төрінде әлем елдеріндегі дінбасыларының басын қосып, дүниені дүрліктіріп лаң салып жатқан экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы шараларды талқылады. Барлық мемлекеттердің президенттері бас қосып, экономикалық ынтымақтастықты талқылаған саммиттің де кеше ғана тәуелсіз мемлекет атанған біздің елде өтуі де халқымызға үлкен мәртебе алып келді. Кедірлі жолдардан арбасы сынбай аман өткен еліміз экономикалық даму даңғылына түсті. Халықтың әлеуметтік әлеуеті артты. Әсіресе, тәуелсіздіктің бізге берген ең ғажайып сыйы – тіліміз, дініміз қайта тіріліп, ұлттық сипатымыз айшықталды.
Қазақстан бүгінгі күнге дейін әлемнің 180-нен аса мемлекетімен дипломатиялық достық орнатқан. Осылайша шығыста және батыста, солтүстік пен оңтүстікте ірі және шағын мемлекеттермен достық қарым-қатынасты күшейтіп, өзара тиімді экономикалық байланысты нығайтты. Оның ішінде Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланыс өркендеді. Мемлекет басшысы шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы озық өркениетті елдердің қатарына қосылуды мақсат етіп қойды.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылғанның нәтижесінде еліміз дамудың даңғыл жолына шықты. Бір сөзден айтқанда, ел Президентінің іскерлігі мен көрегенділігінің арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды.
Н.АЛПЫСБАЙ.