» » ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІҢ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІҢ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Өткен жұмада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен Ұлттық валюта күні мен қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Ширек ғасыр тарихы бар төл теңге мерекесі қарсаңында аудан әкімі бірқатар қаржы саласының ардагерлері мен майталман мамандарын марапаттап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
– Мемлекеттік туымыз, Әнұра­нымыз, Елтаңбамызбен қатар, Тәуел­сіздіктің ең басты белгілерінің бірі – мемлекеттің төл валютасының болуы. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның өз валютасы теңге айналымға еніп, үлкен тарихи қадам жасалды. Ол экономика тоқырап, өндірістер жабылған, тіпті, қарапайым адамдардың жала­қысына дейін сыртқы факторларға тәуелді болған аса күрделі кезең еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз уақыт сынынан сүрінбей өтті. Төл теңгеміз тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды. Халықтың көңіліне сенім ұялатып, болашаққа нық қадам басуына жол ашты. Әлемдік дағдарысқа лайықты төтеп беріп, мызғымас қуатын дәлелдеді. Тәуелсіздік жылдарында елімізде жаһандық нарықтың маңызды бөлігіне айналған заманауи­ экономика қалыптасты. Қазақстан әлемдік қауымдастықтағы маңызды әріп­теске айналып, соның арқасында елімізге аса зор көлемде шетелдік инвестициялар тартылды. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, экономиканы әртараптандыру, ғылыми-техникалық әлеуеттің артуы жаһандық тұрақсыздық кезеңінде мызғымайтын берік қор қалыптастыруға жол ашты. Бүгін¬гі таңда еліміз әлемнің 30 озық елінің қатарына қосылуға сенімді қадам басып, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында бұрын-соңды болмаған ауқымды институттық реформалар жүзеге асуда, ал, Мемлекет басшысының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру» туралы идеясы әлеуметтік дамудың негізіне айналды, – деді аудан басшысы.
Салтанатты шарада Қ.Сәрсенбаев ауданның қаржы-экономика саласында ұзақ жылдары басшылық қызметте болып, халықтың құрметіне бөленген Мәлік Қайыпов, Нұрман Қосымбетов, Қалдан Қойшығұлов, Жалғас Құлымбаев, Қадырбай Бақтияров, Бердан Амитов, Болат Тәшімбетовтердің еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ, аталған салада өзіндік қолтаңбасы бар майталман мамандардың өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болатынын жеткізді.
Мерекелік кеште бірқатар қаржы саласы ардагерлері мен қызметкерлері аудан әкімінің құттықтауымен мараптталды. Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

К.БОЛАТ.
27 қараша 2018 ж. 874 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930