ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ – болашаққа бағдар
Өткен аптада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХҮ сессиясы өтті. Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманбаева жергілікті жердегі білім беру саласының жайы мен оны жақсарту шаралары туралы баяндады.
Биылғы оқу жылында ауданда 344 оқушы орта мектепті аяқтады. Мектеп базасында өткен мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 22 оқушы «Алтын белгіге», 7 оқушы «Үздік аттестатқа» қол жеткізді. ҰБТ-ға 344 мектеп бітірушінің 246-сы қатысты. Сынақ қорытындысымен ауданның орташа көрсеткіші 87,4 баллды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,9 баллға көтеріліп отыр.
Өткен жылы аудан бойынша ең жоғары, яғни 125 баллды №201 мектеп-лицей оқушысы Қалдан Ержан жинаған болатын. Биыл ең жоғарғы 131 баллға №114 орта мектеп оқушысы Марат Мақсат қол жеткізді. Таңдау пәндері математикадан 40 баллды жинаса, физика пәнінен 35 балл жинап өз білімін жоғары деңгейде дәлелдеді.
2016 жылдан бастап жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Жаңа бағдарлама бойынша барлығы 879 пән мұғалімі, 18 мектеп директоры мен 72 мектеп директорының орынбасарлары курстан өтті.
Сессияда депутаттар білім саласын жақсартуға байланысты ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Халық қалаулысы Р.Алиева ұстаз еңбегінің қаншалықты қиын да күрделі екенін түсіндіріп, олардың мәртебесін көтеру керектігін айтты. Оқу жылының қорытындысымен жылына бір рет жетістігі бар ұстаздарды шетелге демалуға жіберу, қаржылай марапаттау және жылына бір рет әр мектептен бір ұстазды шетелге тәжірибе алмасуға жіберу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, ауданнан 25-30 орындық дарынды балалар мектебі мен №202 мектептен өнер мектебінің филиалын ашу жөнінде ұсынысын айтты. Депутат Е.Бақбергенұлы жыл сайын жаз мезгілінде 450 бала қабылдайтын «Ақтерек» тынығу лагерінде балалар жуынатын орын, монша және арнайы кір жуатын орынның жоқтығын айтты.
Депутат Е.Әбдіқадыров мектептегі балаларға білім берумен қатар функционалдық сауаттылықты арттыру ұстаздар қауымына жүктелген үлкен міндеттің бірі екенін айтты. Жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшіп, тұрақты дамып отыру, бағалау жүйесін жетілдіру, игілікті білім ордасын қалыптастыру, материалдық техникалық базаны тиімді пайдалану секілді міндеттерді жүзеге асыру керектігіне тоқталды. Аудандық білім беру саласы қызметкерлері осы міндеттерді жүйелі іске асыратынына сенім білдірді.
Сессияда Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы «Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» хабарламалары тыңдалып, бекітілді. Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып депутат Нұржан Әлимаш сайланды.
Сессия жұмысын қорытындылап, депутаттардың сауалдарына жауап берген аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев айтылған мәселелер аудандық бюджеттің үнемделген қаржысымен және кәсіпкерлердің демеушілігімен шешілетінін жеткізді. Сессияда айтылған ұсыныстар мен пікірлер есепке алынып, кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ, ұстаздар қауымының алдағы жаңа оқу жылындағы жұмыстарына да табыс тіледі. Сондай-ақ, аудан мектептерінің қыс маусымына әзірлік жұмыстарының барысын пысықтап өтті.

Серік БЕРТАЕВ.