ТҮЛЕКТЕР ҮМІТТІ АҚТАДЫ Бейсенбі күні З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп базасында 246 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев түлектерге сәттілік тіледі.Аудан бойынша биыл 344 оқушы он бірінші сыныпты тәмамдады. Оның 246-сы білім сынағына қатысып, өз бақтарын сынады. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағының қорытындысы бойынша ауданның орташа балы – 87,4-ті құрады. Бұл – өткен жылғы көрсеткіштен 6 баллға жоғары. Биылғы түлектердің арасында №114 орта мектеп оқушысы Марат Мақсат 131 балл жинап, ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.Аудандағы ҰБТ өткізу пунктінде арнайы құрылған мемлекеттік комиссия мүшелері зор жауапкершілікпен жұмыс атқарды. Емтиханға кірер алдында барлық түлектердің көңіл-күйлері қалыпты, өз-өздеріне сенімді екендері айқын аңғарылып тұрды. Сенім ақталды, тест қорытындысымен ауданымыз үздіктер қатарына енді.Айта кетейік, былтырғы жылы 293 оқушы мектеп бітіріп, соның 215-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан болатын. Бітірушілердің 192-сі жоғары оқу орнына түссе, 89-ы арнаулы оқу орындарында білім алуда.Н.ҚАЗБЕКОВ,М.АХМЕТОВ (сурет). Жаңалықтар 23 маусым 2018 ж. 1 344 0