» » ТҮЛЕКТЕР БІЛІМІН ТАРАЗЫлар күн таяды

ТҮЛЕКТЕР БІЛІМІН ТАРАЗЫлар күн таяды

Он бір жыл мектеп қабырғасында білім алған түлектердің алдында тағы бір сындарлы белес бар. Ол – ұлттық бірыңғай тестілеу.
Биыл ҰБТ форматына өзгерістер енген жоқ. Оқушыларға 5 пәннен 2 блок беріледі. Олардың үшеуі міндетті пәнге жатады. Яғни, ол ҰБТ тапсыратын барлық мектеп бітірушіге ортақ міндет. Ал, түлектердің өз таңдауы бойынша қалған екеуі бейінді пәндер қатарынан табылып отыр. Қатысушыға Қазақстан тарихынан – 20, математикадан – 20, сауатты оқудан – 20 тапсырма берілсе, бейіндік пәндерде бұл көрсеткіш 30 сұраққа ұлғайып отыр. Осы жылы оқушыларға талапкердің өз таңдауы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл еліміздегі ЖОО-да оқу пәндерінің үш тілде оқытылуына байланысты. Мамандандырылған «Дарын» мектептерінде, халықаралық мектептерде және Білім инновация лицейлерінде пәндерді оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Емтихан мен тестілеуге дайындық барысында бітірушілер мен ата-аналар осы өзгерістерге назар аударуы қажет.
ҰБТ барысында балл тең болған жағдайда «Алтын белгі» иегерлеріне басымдық беріледі. Парламенттегі қос палата Мәжіліс пен Сенат «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізген еді. Сол заң аясында енді «Алтын белгі» иегерлеріне балл тең болған жағдайда ғана басымдық берілетін болды. Биылғы мектеп бітіруші түлектер грант иеленер кезде теңдей құқыққа ие болады. Сондай-ақ, биыл тестті ағылшын тілінде де тапсыруға мүмкіндік бар. Бірақ, бұл аталған тілде тапсыратын түлектерге грант бөлу кезінде басымдық беріледі деген сөз емес. Әзірге республика бойынша 250 бала ағылшын тілінде тапсырады.
Осыған дейін талапкерлерге ЖОО-ға түсуге 54 мың грант бөлініп келген еді. Биыл оғын тағы 20 мың грант қосылып отыр. Бұл – бітіруші түлектер үшін жағымды жаңалық. Елбасы тапсырмасы аясында бөлінген тиісті мөлшердегі гранттың 11 мыңы техникалық мамандықтарға, 3 мыңы магистратураға және мыңы докторантураға бөлінеді. Осылайша, инженерлік мамандықтарға басымдық беріліп отыр. ҰБТ-ға қатысушылар грант мөлшері артты екен деп кез келген пәнге қызығушылық танытпай сұранысқа ие мамандықты таңдаған жөн. Қазір ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің ресми сайтында қай мамандықтарға қанша грант бөлінетіні алдын ала жарияланады. Енді қазақстандық талапкерлер мен студенттер мамандық бойынша бөлінген гранттар тізімімен таныса алады. Құжат жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, оның ішінде қысқартылған оқу формасы бойынша мамандар дайындауды да қамтиды. Министрлік бұйрығының қосымшасында мемлекеттік бюджет есебінен ЖОО-да бакалавр, магистр және PhD дайындауға бөлінген квоталар жайы да қамтылған. Мемлекет осы жылы жалпы алғанда жоғары оқу орындарында 53 594 маманның, 12 504 магистр және 2 240 докторанттың білім алуы үшін қаржы жұмсайды. Әдеттегідей тапсырыстың ең көп бөлігі техникалық мамандықтарға арналған. Бірақ, бұл гранттардың Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдарға маман дайындайтын білім беру мекемелеріне еш қатысы жоқ.
Жалағаштық түлектер де ҰБТ қорытындысы бо­йынша жыл сайын жоғары көрсеткішке қол жеткізуде. Өткен оқу жылында 293 түлек мектеп бітіріп, олардың 215-і ҰБТ-ға қатысқан еді. Былтырғы оқу жылының қорытындысымен «Алтын белгіні» 16 бітіруші, «Үздік аттестатты» 7 бітіруші иеленген болатын. Ал, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің қатары 22-ге артса, үздік аттестатта бұл көрсеткіш сол күйінде қалып отыр. Биыл ауданнан барлығы 344 түлек мектеп бітірді. Сондай-ақ, олардың 246-cы ҰБТ-ға қатысады. Талапкерлердің 229-ы қазақ, 17-сі орыс тілінде тест тапсырады. Биыл ҰБТ 21 маусымда аудан орталығындағы З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп базасында орналасқан №869 Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінде ұйымдастырылады. Жалпы өткен жылы тестілеуге қатысқан түлектер жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Биыл да солай болады деп сенім артамыз.

Кенжетай БАЛҒАБАЙ.

19 маусым 2018 ж. 1 170 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930