ҰБТ БІЛІМ САПАСЫН БАҒАМДАЙДЫ
Жуырда аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте бірінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Ш.Қалыбаев аудан бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарының орындалуы туралы баяндады. Әкімдердің есеп беру жиындарында айтылған 108 ұсыныстың көпшілігінде негізінен аяқ су, абаттандыру, электр желілерінің ескіргендігі, малдың бадасын ұйымдастыру, жол жөндеу мәселелері айтылған. Осы ұсыныс пікірлер бойынша аудан әкімінің іс-шарасы жасалып, бақылауға алынған. Талдау барысында байқалғанындай, Ақсу, Таң, Бұқарбай батыр, Жаңадария, Мәдениет ауылдарында көтерілген. Мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Бұған байланысты аудан басшысы аталған ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аудан бойынша есепке алынған 108 ұсыныстың 52-сі дер кезінде шешімін тапқанын, ал қалған 56 ұсыныс бақылауда болатынын ескертіп, сала басшыларына өздеріне қатысты мәселелерді шешу бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырды. Мәжілісте аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ө.Елеусінов аудан бойынша көктемгі санитарлық тазарту, көркейту көгалдандыру жұмыстарының орындалуы туралы хабарлама жасады. Хабарламаға құлақ түрсек, үстіміздегі жылдың 10 наурыз – 12 мамыр аралығында 10 рет сенбілік ұйымдастырылып, оған 157 мекемеден 2300-ге жуық адам, 36 түрлі техника қатыстырылды. Жасыл желектерге аяқ су келтіру мақсатында 107 шақырым арықтар мен көшелер тазартылып, 2532 текше метр күл-қоқыс шығарылған. Көше бойындағы, саябақтардағы талдардың түбін әктеу, шөптерін шабу, қоршауларды, мекеме ғимараттарының, кәсіпкерлік нысандардың сыртын сырлап, әрлеу жұмыстары жүргізілген. Барлығы 20095 түп ағаш көшеттері, 3896 шаршы метр гүлзарлар отырғызылған.
Мобильдік топтар тұрғын үйлерді аралап, ретсіз тасталған құрылыс материалдарын жинақтау, үй маңын, арықтарды тазалау, үйлердің сыртын әктеп-сырлау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Анықталған кемшіліктер бойынша 46 жеке тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот орындарына жіберілген. Сонымен қатар, 104 жеке тұлғаға ескерту берілген.
Елді мекендерде жүргізілген рейд қорытындысымен танысқан Қайратбек Әубәкірұлы Аққыр, Таң, Жаңаталап ауылдарында атқарылған жақсы жұмыстарды айтып өтті. Десе де елді мекендерде тазалыққа және көркейту көгалдандыруға орай жасалатын жұмыс көп. Сондықтан санитарлық тазалық айлығы мерзімі бір айға ұзартылғанын жеткізді. Сонымен бірге кент, ауыл әкімдерін, мекеме, бөлім басшыларын әр апта сайын сенбілік ұйымдастырып, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымшылдықпен атқаруға шақырды.
Мәжілісте 2018 жылғы мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы баяндаған аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманбаева 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңнен, бірінші кезең – қорытынды аттестаттау, екінші кезең – Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша жүргізілетінін жеткізді.
Бірінші кезең бойынша мектеп бітірушілер ағымдағы жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығында мектеп базасында өтетін қорытынды мемлекеттік аттестаттауда ана тілінен, Қазақстан тарихынан, алгебра және анализ бастамаларынан, орыс тілінен (қазақ тілі) және 1 таңдау пәнінен емтихан тапсырады. Үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін бітірушілерге орта білім туралы аттестат беріліп, 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірушілер тестілеуден өтеді. Ұлттық бірыңғай тестілеудегі бейіндік пәндердің комбинациясына өзгерістер енгізілген және ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік қарастырылған. ҰБТ 2017 жылы жүргізілген форматпен өтетін болады. Тестілеу 3 міндетті және талапкердің таңдаған мамандығы бойынша бейінді 2 пәннен тұрады. Тест тапсырмалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін, мәтінді оқу, түсіну, талдай білу деңгейін, пәндерді терең меңгеруін анықтауға бағытталған. Тестілеуде ұсынылатын 120 сұрақтан мүмкін болатын 140 балдың 50 балын жинаған талапкер жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік алады.
2017-2018 оқу жылында аудан мектептерін барлығы 345 бітіруші аяқтайды. Ағымдағы жылдың 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ға қатысушылар базасы жасақталып, барлық бітірушінің 246-сы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 229-ы қазақ тілінде, 17-сі орыс тілінде тест тапсырады.
Өз кезегінде өңір басшысы білім сапасы ҰБТ сынағының қорытындысымен бағаланатынын айтты. Бүгінде оқушының сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Дей тұрғанымен тестілеу сынағында төмен көрсеткіш көрсеткен мектеп басшыларының қызмет мәселесі қаралатынын ескертті. Сонымен қатар тиісті сала басшыларын мектеп бітірушілерді автокөліктермен тасымалдау, ҰБТ өткізілетін орындарда өртке қарсы қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, медициналық қызмет көрсету, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырып, алдағы міндеттерді нақтылады.
Мәжілісте аудандық жастар ресурстары орталығының бас маманы А.Қожамұратов жастар корпусын дамыту жобасының мақсатын түсіндіріп өтті.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жастар корпусын дамыту жобасының тиімділігіне тоқталды. Осы аталған жоба аясында қайтарымсыз несие алып, кез келген кәсіпті дөңгелетуге болады. Бұл – жұмыссыз жүрген жастар үшін жол ашатын үлкен мүмкіндік болғалы отыр.
Серік БЕРТАЕВ.