«ТОМИРИС» АБУ-ДАБИДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Сыр елінен шыққан талай өнерпаздар еліміздің атын әлемге әйгілеп келеді. Осы ретте бірнеше өнер ұжымын біріктіріп отырған облыстық филармонияның «Томирис» би ансамблі де талай белестерді бағындырды.
Соңғы жылдары би ұжымы гастрольдік сапарларының шекарасын кеңейтті. Олар түрлі мемлекеттерде болып, қасиетті өнерімізді паш етіп жүр. Мәселен, жақында «Томирис» би ансамблі Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Заид атындағы мәдени фестивальде өз өнерлерін көрсетті. Фестиваль Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы гуманитарлық ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Халықаралық фестиваль биылғы жылдың 1 желтоқсаны мен келер жылдың 27 қаңтарына дейін жалғасады. Жыл сайын өткізілетін шараның мақсаты – 2 желтоқсан Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық күніне орай жергілікті халықты әлем елдерінің ұлттық мәдениеттерімен таныстыру болып табылады. Еліміз биыл аталған шараға төртінші рет қатысып отыр. Шараға көптеген мемлекеттердің өнерпаздары, суретшілер мен қолөнер шеберлері қатысуда.
Би ұжымы 2001 жылы филармонияның сол кездегі директоры Сәрсенкүл Ибрашеваның бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде ансамбльдің құрамында 30-ға жуық хореограф-биші бар. Ұжым репертуары түрлі ұлт өкілдерінің, қазақ халқының ұлттық билерімен толығып отыр. Ансамбльдің жетекшісі, әрі бас балетмейстері Гүлбану Мырзабаева. Ол «Томирис» би тобының ансамбль болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Облыстағы бірден-бір кәсіби өнер ұжымы саналатын «Томирис» бүгінде талай облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі додаларға қатысып, биіктен көрініп келеді.
Фестивальде Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі «Томирис» би ансамблінің жетекшісі Гүлбану Мырзабаеваны шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахаян атындағы Абу-Даби халықаралық мәдени мұра фестиваліне белсене қатысқаны үшін марапаттады.