» » » Сөреңізде тұруы тиіс 7 түрлі кітап

Сөреңізде тұруы тиіс 7 түрлі кітап


Кітаптар тарихы адамзат пайда болғаннан басталады. Ең алғаш тасқа қашалып жазыла бастаса, екі мың жыл өткеннен кейін қағаз дүниеге басылып, адам санасының өскенін, дамығандығын дәлелдей түсті. Әлемде кітап көп. Санына жету қиын болар, сірә. Дегенмен, әлемге әйгілі болған, атынан бренд жасап алған Google Books ұжымы 2010 жылы әлемдегі кітаптар санын анықтамаққа бел буыпты. Google Books ұйымының программистінің блогында жарияланған ақпаратқа сенсек, әлемде -129 864 880 кітап бар екен. Мұның өзі әлі нақты жауап емес. Ғаламшарда 130 млн-нан астам кітап болса да олардың кейбірінің сапасы көтермейді және оқуға келмейді десек артық айтпаған болармыз. Бір жағынан ақпараттың дамыған заманында мінсіздікке қол жеткізу мүмкін емес болып бара жатыр. Бір күнде бітіріп нүктесін қоймаққа бекінетін шаруаның өзі басыңдағы шашыңнан асып түседі. Содан жанталасып, автобуста жағаласып білім алуға тырысасың. Біз «Білім алу мүмкін емес болып бара жатыр, уақыт жетпейді!» деген сөздерден аулақпыз. Керек адам әрқашан сауатын салмақтай түспек. Басты мәселе - біз қандай кітап оқып жүрміз және үйдегі кітап сөресінде әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан қандай кітап тұру керек? Осы сұрақ мазалайды.
Тұрмыста таптырмайтын, үнемі ашып, керек деп есептейтін, бұрынғыдай жата жастана оқымасаң да аракідік үңіліп тұрудан кетары емес құнды кітаптар баршылық. Тек дұрыс таңдау жасау керек. Ары ойланып, бері ойланып, саралап, бастауынан сараптай отырып мынадай кітаптардың болуы міндетті деп шештік.

Құран

Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім – сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз қожайыны Алла Тағаланың сөзі.
Құран – тілмен оқылатын, жүрекпен қабылданатын, құлақпен тыңдалатын кітап. Онымен байланыста болу – ең абзал ғибадаттардың бірі әрі Аллаға жақындаудың бір жолы. Бұл кітаптың әрбір әрпінде он жақсылық бар. Жай оқығанның да, мағыналарына ой жүгіртіп оқығанның да бұл жақсылықтардан несібелері болмақ. Алла Тағала Құран мазмұнына бүкіл ғылым атаулының негіздерін сыйғызды. Онда үкімдер, шариғат талаптары, мысалдар, өнегелер, аспан әлемінің жүйесі тағы басқа көптеген мәселелер керемет дәлдікпен берілген.
Қасиетті Құран жайлы сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Құран сондай бір кітап – оның ішінде сендерге дейінгі оқиғалар, сендерден кейінгі хабарлар және араларыңда шығарылатын үкімдер бар. Ол – ешбір әзілі жоқ төреші кітап. Оны менсінбей тәрк еткендерді Алла құрдымға батырады, ал одан басқадан тура жол іздегендерді адастырады. Өйткені, ол – Алланың мықты арқаны һәм хикметке толы сөзі, әрі ол – тура жол. Онымен жүргендер адаспайды, оны арқау еткен тілдер шатаспайды. Ғалымдар оны қанша оқыса да, әсте тоймайды. Көп оқылғаннан ол ескірмейді, ғажайыптары сарқылмайды. Жындар оны естігенде, «Шындығында, біз аса ғажап Құран естідік» деп таңданыстарын жасыра алмады. Кім оған сүйеніп сөйлесе, туралық айтады, онымен үкім етсе, әділ болады, оны ұстанып өмір сүрсе, мол сауапқа кенеледі, оған шақырған тура жол табады».
Алла Тағала Құран Кәрім туралы былай деді: 
«Егер бұл Құранды бір тауға түсіргенімізде, оның Алладан үрейленіп быт-шыт болғанын көрер едің. Ал, мұндай мысалдарды адам баласы ойлансын деп келтіреміз» («Хашыр» сүресі, 20-21 аяттар)
Жақсы мен жаманнның, адамгершілік пен азғындықтың, сенім мен сезімнің не екенін білдіретін жазбалар болғаны дұрыс. Кез келген діни кітапта әлем бойынша мойындалған ережелер бар. Үлгі ретінде: біреудің ала жібін аттама, ұрма, соқпа, өтірік айтпа деген ескертпелерді алсақ болады. Бастысы бұл кітаптар бүкіладамзаттық деп танылған. Мұндай оқулықтың болуы адам бойындағы жақсы қасиеттердің сақталуына көмекші болуы мүмкін. 


Кодекстер

Заңға бағынушы толық құқықты азамат ретінде шаңырағыңда құқыңның тапталмауына көмекші құрал болғаны абзал. Қазақстанда бір проблема бар екендігі белгілі. Біз заң ғылымын жетік білмегендіктен, кодексті оқымаудың салдарынан көп жағдайда өз құқымызды білмей сан соғып жатамыз.  Бұл қарныңды аштырады. Барлық кодексті сөреңде сақтап, оқымасаң да маңызды дегендер қолжетімді жерде болған дұрыс. Әлеуметтік, азаматтық, еңбек, салық кодекстерінің болуы құқыңның тапталмауына ықпал етеді.  Керек уақытында ашып оқысаң пайдасы бар.
 
Көлік жүргізу және жол жүру ережесі жайлы кітаптар

Бүгінде еліміздегі әрбір бесінші немесе алтыншы азаматтың көлігі бар. Бірақ сол жүргізушілердің барлығы дерлік жол ережесін жүз пайыз біле бермейді. Соның салдарынан жол апаттары орын алып, жол жүру ережелері бұзылып жатады. Күйбең тіршіліктен қолың қалт етіп боса қалса ашып оқығаның өзіңе жақсы. Егер сіз құқықтық тұрғыдан және жол ережесін жақсы білсеңіз еліміздегі жемқорлықтың санын азайтуға көмектесесіз.


Өз еліңнің тарихы жайлы көрнекті, тарихи кітаптар
 
Өткенін білмеген бүгінінен бейхабар. Оның болашағы да бұлыңғыр екені белгілі. Бейбітшілікте өмір сүріп жатқан еліңнің тарихын білмеу болмсыңа да сын болмақ. Адам бойындағы ерекше бір рухтандыратын қасиет – патриоттық қасиет. Отансүйгіштікті кез келген тұрғынның бойынан уақыт өте келе оятуға болады. Сөреде тұрған тарихи кітаптың сыртына қарап- ақ, мақтыныш сезімің оянады.


 Заманауи сөздік

Қоғам күннен күнге сауатын ашып, ғылымдар пайда болып,  жаңа сөздер пайда болуда. Теледидарды қосып қалсаң, жаңа сөз, құжаттарда да жаңа сөздер т.б сондай. Белгілі бір түсінбейтін сөзіңді сөздіктен тауып алсаң, қиындықтан құтыласың. Ескеретін мәселе – оқулықты дұрыс таңдай білу керек.  


Мамандығыңа не болмаса қызығатын салаңа байланысты  кітаптар
 
Біздің миымыз қанша жерден ақпаратты қабылдаса да, оны үнемі сақтап отыра алмайды. Сондықтан кәсібіңізге байланысты ұғымдар мен теорияны, идеяларды арнайы кітаптан іздеген жөн. Ұмытып еске түсіре алмай жатсаңыз немесе шешіміңізге сенімді болмасаңыз оқулықтың бір пайыз болса да көмегі тиеді. Біреулер психологияға қызықса, әлдекімдерге туристік саяхаттар ұнайды. Қызыққан салаңа байланысты оқулықтар сенің жан-жақты болуыңа қол ұшын созады.


Есіңде ерекше сақталған, қатты ұнатқан кітаптар 

Мұндай еңбектер жаның жабырқап, көңіл күйің түсіп, еңбек етуге деген потенциалдың төмендеген кезінде «оянуға» таптырмас кітаптар. Жаңа идеяларды, ойларды өмірге әкелетіндей ой салар дүние болғаны жақсы. Мысалға, сіз жексенбі күні демалыстасыз. Бірақ күйбең тіршілікке келесі күні араласу керек және келер аптада атқарар іс көп. Ендеше тосылмай ұнайтын, қанаттана алатын «сиқырлы» кітабыңыздың көмегіне жүгініңіз. Жоқ дегенде көңіліңді көтереді. Кітап ісінде әр адамның талғамы әр түрлі. Бірі афоризмдер оқыса, бірі поэзиядан, прозадан нәр алып жатады. Сондықтан бұл пунктте талғамға ғана бағыну керек.
Аталған кітаптардың дені қабылдануы жағынан өте ауыр. Бәрінің маңызы зор. Бірақ көңіл – күй деген алдамшы. Ол кез келген нәрсеге алдана салғанымен, дендегенін бәрібір алмақ. Осы сәтте көңіліңді дәмді, сүйікті аспен қанағаттаныруға болады. Шаршағанда, не болмаса демалған сәтте Аспаздық кітапты неге қолға алмасқа? Кенеттен бір дәмді тағам жасап жегіңіз келді-делік. Ғаламторыңыз болса керегіңізді табарсыз. Ал егер ол болмаса бәрібір сол кітапқа үңілуге тура келеді. Бір жағынан балаң шақты еске түсіріп, керемет әсер қалдырады. Түрлі түсті суреттері бар кітап болса, тіптен жақсы. Суретіне қарап сілекейің шұбырады. Тезірек ас дайындауға кірісесің. Бұл қыз- келіншектерге таптырмас құрал.
Әлбетте, біз ешкімге аталған оқулықтарды оқуға немесе сақтауға міндеттемейміз. Әркімнің өз қалауы мен өз талғамы бар. Тек пайдалы кітаптардың алдыңғы орында болғаны қоғамға, адамзатқа әсерін тигізбек. Бастысы – кез келген азамат болмысымен дараланып, сенімі артып, ортасында қадамын нық әрі анық баса алады. Ал бұл біздің мемлекетіміздің келешек өскіндеріне керекті де, таптырмас құнды сезім. Қанша кітап оқысаңыз да, сақтасаңыз да, жинасаңыз да ерік – өзіңізде. Тек сол кітаптар оқылмай, құры босқа шаң басып тұрмаса игі.

 




http://islam.kz
02 ақпан 2018 ж. 1 415 2

Гость Jeaplause от 17 ақпан 2019 00:43
By Fish Amoxicillin levitra without prescription Propecia Ciao Levaquin Anthrax Internet Cash Delivery Pharmacy

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 04:10
Keflex Constipation where can i buy isotretinoin skin health low price mastercard dapoxetine viagra combo Progesterone 100mg Kamagra Farmacias

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 786

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031