АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ
"Бір ел – бір кітап" акциясына орай Таң ауылындағы кітапханада Әбділда Тәжібаев шығармашылығынан "Тыңда менің сөзімді, тыңда халқым" атты аудандық байқау өтті.
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, драматург, Сыр елінің мақтанышы Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған байқауды ауыл әкімі Әліби Байнахатов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға барлық ауылдардан келген оқушылар қатысты. Талапкерлер байқау ережесіне сәйкес қазақ ақыны, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес» атты көптеген еңбектерінен және «Өлең және поэзия», «Қазақ драмасының туылуы және қалыптасуы» тақырыбындағы монографияларынан үзінді оқыты.
Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахналық және оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен №203 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бекарыс Өмірбек жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ орын №118 орта мектептің оқушысы Айдана Бекболатқызына бұйырса, ІІІ орынды №232 орта мектептің оқушысы Зере Дастанбек қанағат тұтты. Қалған талапкерлер "Алғыс хаттармен" марапатталып, түрлі номинациялармен марапатталды.
Н.АЛПЫСБАЙ.