ҚОЖАБАЙ ТӨКЕНОВ
Ұлы Отан соғысының ардагері Қожабай ақсақал 1907 жылы Қаракөл-Қостам болысы, «Көлтабан» деген жерде өмірге келген. Ауылдық молдадан сауат ашқан. 1941 жылы шілдеде Қармақшы аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылған. Сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматы қаласында жасақталған №316 атқыштар дивизиясында әскери алғашқы дайындықтан (кейіннен №8 Панфиилов атындағы гвардиялық атқыштар дивизиясы деп аталған) өтіп, 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың қысында Москва қаласын қорғауға қатсықан. Сол дивизияда 1943 жылы қараша айының соңына дейін болып, бір аяқ, бір қолынана ауыр жарақаттанып далалық госпитальға түскен Қожабай кейіннен әскери медициналық комисия шешімімен, әскерге жарамсыз болып елге қайтарылады. Елге келгеннен кейін Қызылорда облысының Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінде, қылмысты іздеу жедел уәкілі болып қызмет етеді. 1949 жылы әкери медициналық комиссияның шешімімен, (соғыста алған жарақаты салдатырынан) «Қызметке жармсыздық демалысына» шығарылған. Ол өзінің туған ауылына келіп, әлі келетін жұмыстарды істейді. «Бірлік», Жамбыл атындағы колхоздарда еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан. Соғыстағы ерліктері үшін, соғыстан кейін 1985 жылы Москваны қорғағаны үшін «Отан соғысы » орденімен арнайы наградталған. «Москваны қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы ҰОС-да германияны жеңгені үшін» медалдармен соғыстан кейін 1946 жылы наградталса, кейіннен Ұлы жеңістің 20-3040 жылдығы, КСРО Қарулы Күштерінің 50-60-70 жылдығы медалдармен және 1970 жылы Ұлы жеңістің 25 жылдығына арналған мерекелік төс белгіменде марапатталған. Ол осы жауынгерлік наградалармен қатар еңбек озаты ретінде «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медалымен қатар «Еңбек ардагері» медалын және бірнеше төс белгілерді де омырауына жарқырата тақты.
Жауынгер Төкенов Қожабайдың ұрпақтары Астана, Қызылорда қалаларында, Жалағаш кентінде еңбек етуде. Қарт жауынгер Мәдениет ауылында 1992 жылы шілде айында дүние салды.
Жауынгер Төкенов Қожабайдың ұрпақтары Астана, Қызылорда қалаларында, Жалағаш кентінде еңбек етуде. Қарт жауынгер Мәдениет ауылында 1992 жылы шілде айында дүние салды.