Ерлікке тағзым

Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Жастық жалыным – Мәңгілік Еліме» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға колледж ардагерлері, ҚР Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызметкерлер, ұстаздар мен студенттер қатысты.


Жиын барысында жас сарбаздықтар Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы Бөрібай Құлманов ақсақалды Жеңіс мерекесінің 74 жылдығымен құттықтады. Жүз жасқа иек артқан қарт жауынгер де жастарға тілегін айтып, батасын берді.
Сондай-ақ, бұл күні ҚР Ұлттық Ұланы 5547 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Н.Шегебаев мерекемен құттықтап, колледж директоры Бақытжан Сайлыбаевқа  «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» төсбелгісін табыстады. Ал ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 2019 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, капитан Ғ.Сағынбаев колледж  оқытушылары мен студенттерін «Алғыс хатпен» марапаттады.
Салтанатты шарада «Япурай» хор ұжымы, «Нұргүл» халықтық ән-би ансамблі өнер көрсетіп, мерекенің ажарын арттырды.
А.НҰРТАЙҚЫЗЫ.
11 мамыр 2019 ж. 849 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930