» » » Қызылорда облысында сағаттық белдеудегі қолайсыздықтан туындаған проблемалар бар

Қызылорда облысында сағаттық белдеудегі қолайсыздықтан туындаған проблемалар бар

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысы аумағында географиялық сағаттық белдеуді ретке келтіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біздің осы депутаттық сауалымызға негіз болған мәселе жуырда ғана өңірде болып, тұрғындармен болған кездесулерде соңғы он жыл бойы үнемі айтылып, жазылып жүрген географиялық сағаттық белдеудегі уақыт өлшемінің қолайсыздығы туралы ұсыныс-тілектері мен Арал және Қазалы аудандық мәслихат депутаттарының өтініш хаттары себеп болып отыр. Ол ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 231 Қаулысына сәйкес, Қазақстанда «жазғы» және «қысқы» уақытқа көшу тоқтатылып, бұған дейін көрші Ақтөбе облысымен бір сағаттық белдеуде жатқан Қызылорда және Қостанай облыстарының уақыт өлшемін дағдылы уақытына бір сағат ілгері жылжыту туралы шешім қабылдаған болатын. Уақыттың бұрынғыдан бір сағатқа ілгері ауысуы шығыстан батысқа дейін 850 шақырым созылып жатқан жер көлемі бар, еліміздің оңтүстік батыс өңірінде орналасқан Қызылорда халқы үшін өте қолайсыз болып отыр. Біз осыдан екі жыл бұрын Үкімет алдына осы мәселені жан - жақты зерттеп, оң шешім қабылдау туралы депутаттық сауал да жолдағанбыз»,-деп тоқталды депутат.
Оның сөзіне қарағанда, өкінішке қарай, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жасаған жұмыстары бойынша облыста уақыт санау тәртібінің ауысуына байланысты тұрғындар көзқарасын анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік сауалнама да, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулардың ұлттық орталығы» мекемесінің аймақ тұрғындарының денсаулығына әсерін ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстары да өз дәрежесінде жүргізілмегендіктен еш нәтиже берген жоқ.
М. Бақтиярұлының пайымынша, географиялық белдеуге сәйкес қалыптасып қалған табиғи, үйреншікті биологиялық уақытты бұзу өңір халқының тұрмыс-тіршілігіне, көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір ырғағын бұзуда. Ғалымдар айтқан аурулардың көбейуі, адамдардың ұйқышылдығы, бас ауыру сияқты симптомдары Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының сауалнамасы бойынша өңірде жыл сайын қатты сезілуде.
«Таңертен балабақшаға, мектепке баратын 250 мың бүлдіршіндер мен оқушылардың ұйқысынан табиғи уақыттан бір сағат ерте тұруы, тас қараңғыда мектепке баруы балалардың денсаулығына, қала берді сабақ үлгеріміне кері әсер ететінін мұғалімдер де, дәрігерлер де ұдайы айтып келеді. Сонымен қатар соңғы он жылдың ішінде мектеп жасындағы балалардың арасында ауыршаңдық көбейіп кеткен. Оның үстіне уақытты бір сағат ілгері көшіру электр энергиясын артық шығындауға соқтырып отыр»,-деп атап өтті депутат.
«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, уақыт стандартының әртүрлі болуы 2,7 млн. шаршы шақырым орасан зор жер көлемін алып жатқан еліміз үшін табиғи заңдылық. Он бір түрлі уақыт белдеуі бар көрші Ресей мемлекетінің барлық өңірлері Москва уақытымен жүріп жатқан жоқ. Уақыттық белдеу күннің шығуымен анықталады. Қызылорда облысының аумағы шамамен 53 - 680 меридиан арасында орналасқандықтан 1 сағаттық айырмашылық анық байқалады. Бұл таза табиғи уақыт. Сондықтан да, осындай географиялық табиғи уақытты бұрынғы қалпына келтіру, ешқандай қаржылай шығынды қажет етпейтіндігін ескере отырып, өңір халқының талап -тілектеріне сай оң шешім қабылдайды деп сенім білдіреміз»,-деді ол.
12 ақпан 2018 ж. 1 081 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930