» » » Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі Шанхайдағы кинофестивальге қатысады

Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі Шанхайдағы кинофестивальге қатысады

ÐÑмек ТұÑÑÑновÑÑÒ£ «ШÑÑаÒÑÑ» ÑилÑÐ¼Ñ Ð¨Ð°Ð½ÑайдаÒÑ ÐºÐ¸Ð½Ð¾ÑеÑÑивалÑге ÒаÑÑÑадÑРежиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» (Хранитель) көркем фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильмге» сілтеме жасап. 

Киностудияның мәліметінше, XXII Шанхай халықаралық кинофестивалі 15-24 маусым аралығында өтеді,  «Шырақшы» фильмі негізгі конкурстық бағдарламаға қатысады. Осы фестивальдің негізгі конкурсында қазақстандық фильм алғаш рет көрсетіледі. 2013 жылы «Панорама» конкурстан тыс бағдарламасында Дәрежан Өмірбаевтың «Студенті», Ермек Аманшаевтың «Параллель әлемі» көрсетілген. Халықаралық қазылар алқасын атақты түрік кинорежиссері, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма» тармағының лауреаты Нұри Білге Жейлан басқарады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Казақфильм» мен «Тұрсынов фильм» компаниясының бірлесіп түсірген. Телетуынды фильм соғыстан оралған сарбаздың тарихын баяндайды. Айта кетерлігі, Шанхай фестивалі - Қытайдың ең ірі кинофестивалі. Бірінші Шанхай кинофестивалі 1993 жылдың қазан айында өтті. 33 елден 167 фильм көрсетілді, оған 300 мың адам көрермендер қатысты, қазылар алқасы арасында Карен Шахназаров және Оливер Стоун болды. Содан бері ол әрбір екі жыл сайын, тіпті 2001 жылдан кейін, кинофестивальді жыл сайын өткізу шешілді.



www.inform.kz
13 маусым 2019 ж. 560 0