ЖАЛҒЫЗЫН КҮТКЕН ҚАРТ АНА
О-о-о-о, Дүние-ай!
Сағындым, Жексенұлым, Қосшығұлым,
Өзекті жарып шыққан қос шыбыным.
Қырық жыл аңыраған сорлы анаңның,
Зарына құлағыңды тосшы бүгін.
Қырық жыл ен сап жүрмін қозы-лаққа,
Сендерге бәсіре деп өзі жоқта.
Ірімшік, құрт-майымды сақтап жүрмін,
Бір тойың болады деп осы жақта...
Бұл – Алтынбек Қоразбаев жырлаған қара кемпірдің зары. Мұндай тағдыр жалағаштық Ләпилә әжейдің де басынан өткен.
Ананы баладан, баланы әкеден айырған сұрапыл соғысқа кетіп, қайта оралмаған жалғыз ұлын ғұмыр бойы күтіп өткен Ләпилә анамызды жұрт әлі күнге аңыз етіп айтады. «Менің баламның өлуі мүмкін емес, келеді әлі, көресіңдер» деген ғазиз ана Жеңістен кейін ұлын 40 жыл күтіпті. Қоразбай молда еккен жалғыз қара талдың түбінде отырып, жол қарап, баласын тосумен болыпты. Ұлы үшін анасының қандай қасірет шеккені айтпаса да түсінікті шығар. Майдан даласынан қара қағаз келсе де, Ләпилә әжей ұлының өлгеніне сенген жоқ. Өйткені, соғыстан кейін өлді деген тізімге алынған солдаттардың көбісі елге қайтқан. Соны көрген анамыз өзінің дәм-тұзы таусылғанша ұлының келетініне сенді... Суреттегі қара тал түбінде қарт ана баласын күтіп отырған деседі.
Толығырақ «Жалағаш жаршысы» газетінің келесі санынан оқи аласыздар!