Жаным денемнен шығып, ұшып жүреді: ОҚО тұрғыны бала күнінен бойын тылсым күштің билегенін айтты
ОҚО тұрғыны Рахым Тәшенов бала күнінен денесін тылсым күштің билегенін айтты. Тылсым күш оны мектеп бітіртіп, жоғары оқу орнына түсірген.
Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.
Рахым Тәшеновтың айтуынша, бала күнінде көзіне әлдене елестеп, содан әлі күнге айыға алмай келгенін айтады. Түнімен қара күшпен алысып, соның кесірінен арақ ішіп, алай-дүлей күй кешкен.
“Бала күнімде ешкімге айтпадым. Кейін үйленген соң әйеліме айттым. Бұл жақсылыққа жетелейді. Бірер уақыт өзімде не болғанын түсінбей қалам. Ол кезде мені жалғыз қалдыр дедім. Жаным денемнен шығып, басқа әлемде жүреді. Ал, былайға өмірде тамақ ішіп отыруым мүмкін. Тек санам басқа жақта болады. Бұл өмірде бірер секунд қана болуы мүмкін. Ал, өзім көп уақыт тылсым әлемде жүргендей болам”, – дейді Рахым аға.
Айтуынша, белгісіз күш оны жетелеп мектепке апарған. Ол жерде сақалды кісі ұстаздық еткен. Осылайша 1-сыныптап бастап, жоғары оқу орнында оқыған. Бұл шын өмірде емес, рухани әлемдегі көрінісі.
“Үйден шықпай қырық күн қамалып отырдым. Бармаған молда, емшілерім қалмады. Әулие аралап, бұл ойдан құтылудың жолын іздедім”, – дейді ол.
Әйелінің айтуынша, қара аюмен алысып жүрмін деп өзімен өзі алысқан күндері болған. Ал, Рахым аға мұны рухани төбелес деп атайды. Айтуынша, аю басқа адамға көрінбейді. Аю арыстанды жеңіп, кейін онымен төбелескен.
“Бұл адамның өзімен өзі күресіп жатқан рухани күресі секілді” дейді ол.
Stan.kz