» » » ХАЛЫҚ ҚАЛАҒАН БАСШЫ ЕЛ КЕЛЕШЕГІН ОЙЛАЙДЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАҒАН БАСШЫ ЕЛ КЕЛЕШЕГІН ОЙЛАЙДЫ

Мемлекеттің келешегі және халықтың жарқын болашағы сол елдің басшысына ғана байланысты емес, ел басқарған тұлғаны қолдап, жұрт үшін жұмыла жұмыс жасайтын халқының ынтымақ-бірлігіне байланысты. Мемлекетіміздің өркендеуі, тәуелсіздігіміздің мызғымай, ел тұрғындарының бейбіт өмірде қамсыз тіршілік кешіп келе жатқаны ең алдымен Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы. Әлем таныған тұлғаның Қазақ Еліне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Әрине, мұны халық біледі, куә болды және кейінгі буын жастар да Елбасы есімін ұлықтап жүреді.
Маусым айының 9 жұлдызында қазақстандықтар тағы да демократиялық жолмен өзінің таңдауын жасады және бұл тәуелсіз еліміздің келешегі үшін дұрыс таңдау екеніне шүбә жоқ. Саяси додада сайлаушылардың жоғары дауысын иеленген Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Бұл жолы халық өз Президентін ғана емес, жарқын келешегіне де дұрыс таңдау жасады. Өйткені, сайлауға түскен үміткерлердің ішінен егемен еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ете алатын, Елбасының жарқын бастамаларын жалғастырып, ұлт мүддесі үшін жасалған бағдарламаларын жүзеге асыратын әлемдік деңгейдегі саясаткер ол – Қасым-Жомарт Тоқаев.
Маусым айының 12 жұлдызында Ел Президентін ұлықтауға арналған шараға облыстан шыққан делегацияның қатарында болғанымның өзі менің өмірімдегі елеулі оқиға болды.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беріп, көк туды сүйгені көпшіліктің көңілін тебірентті. Мемлекеттік Әнұран шырқалғанда менің де жанарымнан еріксіз жас үзілді. Бұл ешқандай да әсіре сөз емес, мемлекетіміздің бір тұтастығы үшін, еліміздің кемел келешегі үшін, ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін ел басқару ісін қолына алған тұлғаның сол кездегі көңіл толқынысына қолдау білдірген халықтың бастан кешірген бір сәттік көңіл-күйі еді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне ресми кірісу рәсімінде ел тұрғындарының сұранысына орай өзінің саяси тұғырнамасын және елімізді дамытудың он бағытын атап өтті. Ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жемқорлықпен күресті күшейту, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, ұлттық табысты әділ бөлу, тұрғын үй мәселесін шешу, мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеру, өңірлерді дамыту, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы, сыртқы саясат және жас ұрпақты жан-жақты қолдау секілді бағыттар елімізді одан әрі дамытуға септеседі және олардың алдағы уақыттарда жүзеге асатынына сенемін. Өйткені, Қасым-Жомарт Кемелұлы тек сөздің адамы емес, істің адамы. Оны Президенттің бұдан бұрынғы қызметтеріндегі сыртқы саясаттағы ұстанымы мен мәмілегерлігі, әлем алдындағы беделі айқындап қойды. Енді тек біз, Қазақстан халқы жаңадан сайланған Президентіміздің жанынан табылып, ел дамуына қызмет ететін жаңа бастамаларға қолдау білдіруіміз керек.
Қаншагүл МҰСТАФАЕВА,
"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.
15 маусым 2019 ж. 648 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930