Кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдерін қалай алуға болады
Бүгінгі сұхбатта кәсіпкерлер үшін маңызды мәселелердің бірі – кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне қатысты айтпақпыз. Бұл мәселеге қатысты кәсіпкерлер нені білу керек? Қандай құжаттар әзірлеу қажет? Қайда баруы керек? Міне, осы сауалдардың барлығына Кәсіпкерлер палатасының Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Гаухар Елеусінова жауап береді.
- Гаухар, жалпы кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукциондар, конкурстар туралы ақпараттар қайда жарияланады? Кәсіпкерлер қайдан көре алады?
- Аукцион және конкурс өткізу тәртібі Жер кодексінің 43 және 43-1 баптарына сәйкес реттеледі. Конкурсқа, аукционға шығарылатын жерлер туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде жер қатынастары бөлімдерінің конкурс жариялауы нәтижесінде ұтқан БАҚ-да жарияланады. Мысалы, Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі «Ақмешіт ақшамы» газетінде жариялайды. Қосымша жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурстарында орналастырылады. Сондай-ақ, жер қатынастары бөлімдерінің ақпараттық қабырға тақталарында міндетті түрде болуы керек.
- Мысалы, мен кәсіпкермін деп көрейін өзімді. Қаланың ортасында бос тұрған жерді көріп тұрмын. Ол жердің статусын қалай анықтаймын? Сол жерді аукционға қалай шығаруға болады, әлде тек мемлекеттік орган жариялаған жерлерді ғана алуға құқым бар ма?
- Осы жылдың мамыр айында Жер кодексіне өзгеріс енгізілді. Сол өзгеріске дейін ауылшаруашылығы мақсаттағы болсын, елді мекендердегі ғимараттар үшін өндірістік мақсаттағы жерлер де аукцион арқылы беріліп келді. Жер қатынастары саласындағы нормативтік құжаттардағы өзгерістерден кейін ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер тек конкурс арқылы берілетін болды. Аукцион арқылы елді мекеннен, яғни қаланың ішінен өндірістік мақсатта немесе ғимарат, жылыжай салу үшін жер алғысы келген азамат қалалық әкімдікке алғысы келетін аумағынан, көлемін, мақсатын көрсетіп тұрып өтініш береді. Кәсіпкердің өтінішіне сәйкес жер қатынастары бөлімі аталмыш аумақтағы жер телімін зерттейді. Аталмыш жер телімі бос болып, өтініште көрсетілген мақсатта пайдалануға сай келсе жер қатынастары бөлімі тарапынан ол жерге алдын ала таңдау актісі жасалып, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы келісім алынып, аукционға салуға дайындалады. Кей жерлер бос тұруы мүмкін, бірақ зерделей келе ол жер телімінің меншік иесі бар, әлі құрылыс жұмыстарын жүргізбеген болуы ықтимал. Келесі бір жағдайда жер телімін өндіріс үшін деп сұратады. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға елді мекеннің ортасынан, халық тұрып жатқан аумақтан өндіріске жер беруге болмайды. Көбіне өндірістік мақсаттағы жер телімдері шет аумақтан немесе индустриалды аймақтан аукцион арқылы беріледі.
- Мен белгілі бір жер телімін кәсіпкерлік мақсатта алуға өтініш бердім. Енді оны аукционға шығару үшін қанша уақыт кетеді?
- Ең бірінші жер қатынастары бөлімі 15 күн ішінде сіздің өтінішіңіз бойынша тікелей жердің табысталмайтындығы туралы жауап беруге міндетті. Мұнан кейін жер қатынастары бөлімі егер жер талаптарға сай келетін болса 90 күн ішінде аукционға немесе конкурсқа шығару қажет.
- Бұрын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің конкурсын өткізгенде негізгі мәселе бағада болатын. Яғни жоғары баға берген адам жеңімпаз болып табылатын. Қазір балдық жүйемен ол жерге салатын инвестициясына қарайды екен. Осы жағынан айтып өтсеңіз.
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің конкурсына өтінім тапсырған кезде өтініммен бірге конкурстық ұсынылым тапсырылады. Конкурстық ұсынымға бизнес-жоспар, сол жер телімін тиімді пайдалантындығы туралы міндеттемелері, ашатын жұмыс орнының саны жөнінде мәліметтер қамтылады. Осы жерде кәсіпкерлер ескеруі тиіс жағдай: ертеңгі күні конкурста жеңімпаз атанған жағдайда бизнес-жоспар келісім шарттың ажырамас бөлігі болып саналып, жоспардың ішінде кәсіпкер көрсеткен ашатын жұмыс орындарының саны, салатын инвестициясы, алынатын техникалары туралы ақпараттар орындалуы тиіс міндетке айналады. Кейде кәсіпкерлер бизнес-жоспарда осындай ақпаратты көбірек жазсам ұту мүмкіндігім жоғары болады деп ойлайды. Сол үшін де Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері бизнес-жоспарды әзірлеу барысында бұл жөнінде кәсіпкерді алдын ала ескертеді. Кейін мониторингтік комиссия бизнес-жоспардағы міндеттемелердің орындалуын тексеру барысында егер міндеттемелер орындалмаған жағдайда келісім шартты бұзуға алып келеді.
- Гаухар, сұхбатыңыз үшін рахмет.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікір 1