» » » ҚЫЗЫЛОРДА - ТУҒАН ЖЕРІМ, ДУМАНДЫ ЕЛІМ

ҚЫЗЫЛОРДА - ТУҒАН ЖЕРІМ, ДУМАНДЫ ЕЛІМ

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÒÑзÑлоÑда ÒалаÑÑ

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевпен сұхбат

– Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы, Елбасы Алаштың анасына теңеген қасиетті Сырдың екі ғасырлық тарихын кеудесіне басқан Қызылорда соңғы жылдары кереге жайып, келбеттеніп келеді. Туған шаһарымыздың төл тойының аталып өті­луі  өңімізді де, жанымызды да түлетіп, жарқын көңіл-күйге бөледі. Атап айтсақ, той болады дегеннен бері бүгінге дейін облыс бойынша әртүрлі бағытта 40-қа жуық мәдени шара ұйымдастырылыпты. Солардың бірі кеше ғана дүбірлеп өткен Тасбөгет кентінің 70 жылдығына арналған шаралар. Әсіресе, жұртшылыққа қа­зақ­ша күрестің облыстық турнирі, респу­бликалық айтыс және қазақ ән жұл­дыз­дарының концерті ерекше сезім сый­­лады.
 Сөзді қала тойын атап өтудің маңызы мен қала халқын алдағы күндерде тағы қандай қызықшылықтардың күтіп тұр­ғанынан бастасақ...
– Еліміздің жүрегі елордамыз Аста­­наның тарихи тағылымы терең 20 жыл­дық мерейтойымен қабат келген туған қаламыздың 200 жылдығын атап өтудің маңызы зор. Себебі, бұл қарапайым мереке емес, бұл – тарихқа тағзым, бола­шаққа бағдар.
«Той халықтың қазынасы» деген. Бұл тойды өткеннен өнеге алуымыз, бабалардан қалған бай мұра мен асыл құндылықтарымызды ертеңгі ұрпаққа аманаттау, ұлттық қасиетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеуіміз деп түсінуіміз керек.
Қазақылықтың қайнары, бірлік-берекенің байламы болған Сыр елінің сұлу шаһары Қызылорда – небір тарихи кезеңдердің куәсі, тұғырлы тұлғаларды түлеткен ақ босаға, соны бастамалар мен тың жаңалықтардың қасиетті ордасы.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, қаламыздың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халқының саны өсті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар, жаңа шағын аудандар мен көшелер пайда болып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артты.
Бұл – Сыр жұртшылығының бір жеңнен қол шығарған ынтымағы, жерлестеріміздің бізге артқан сенімі мен қолдауы, соның арқасында бірлесе атқарған еңбегіміздің жемісі.
Осы мақсатта, облыс әкімінің бастама­сымен қала тұрғындары үшін тарихи маңызға ие болған мерейтолық датаны атап өту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп отыр.
Атап айтсақ, 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығын қамтитын ірі көлемді ша­ралар бойынша желілік кестенің жобасы әзірленді. Облыстық деңгейде жоспарланған 17 шараның  негізгілері ретінде   А.Тоқмағанбетов атын­дағы қала­лық мәдениет үйінде өтетін аудан әкім­діктерінің қала мерекесіне арналған мәдени шараларын атап көрсетуге болады. Осы шаралар барысында әрбір аудан қайырымдылық акцияларын өткізеді.
Сондай-ақ, мәдени-бұқаралық іс-шара­лар, оның ішінде облыстық әдеби жыр марафонын ұйымдастырып, оған өңіріміздің танымал жыршыларын қатыстыру жоспарланды.
Мерекелік шараларға мүмкіндігі шек­теулі азаматтардың үлесін қосу мақсатында облыстық фестиваль өткізіліп, дәстүрлі облыстық еңбек форумы ұйымдастырылады.
Ал, «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері толықтай қамтылып, 1000-ға жуық отбасыға көмек көрсетілмек.
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтар арасында «Үздік маман-2018» облыстық байқауы ұйымдастырылып, «IMAQORDA» технопарк жобасының ашылу рәсімі өтеді.  
Спорт жарыстарын және түрлі жастағы санаттар үшін сауықтыру іс-шараларын қам­ту мақсатында «Алыптар шықты айқасқа» – түйе палуандар сайысы, «Сыр тұлпары» – бәйге түрлерінен ат жарысы өт­кізіледі.
Сондай-ақ, қаланың бірнеше аума­ғында төмендетілген бағамен ауылша­руа­шылық өнім­дерінің облыстық жәр­меңкесі ұйымдастырылып, оған айма­ғы­мыздың жеке кәсіпкерлерін тарту көзделуде.
Ал, 200 жылдықты мерекелеудің 2-бөлімі ретінде қала халқы мен қонақтарды 28 қыркүйек күні өтетін негізгі шаралар күтеді.
Бұл күні «Сыр сүлейлері» аллеясындағы «Этноауыл», «Қымыз-шұбат», «Қауын-қар­быз» фестиваліне ұласады.
Мерекелік негізгі шаралардың жал­ғасы ретінде Н.Бекежанов атындағы дра­ма театрындағы салтанатта қоғам қай­рат­керлеріне, аймағымыздың қоғамдық-саяси, экономикалық дамуына үлесін қосқан азаматтарға арнайы әзірленген мерей­тойлық медальдарді табыстау рәсімі ұйым­дастырылады.
Айтулы мерейтойға арналған шара­лар орталық алаңда өтетін эстрада жұл­дыздарының қатысуымен «Мерейлі мере­кеңмен, Қызылорда!» атты гала-концертпен қорытындыланады.
Мұндай мерекелік шаралар тек қаланың өзінде ғана емес, қалаға қарасты елді мекендерде де ұйымдастырылады.
– Керемет той шаралары күтіп тұр екен. Той алдында қаламыздың қырмызыдай құлпырған бет-бейнесін көзіміз көріп отыр. Айтулы мерекеге тағы қандай тартуларымыз бар?
– Жыл басында қала бюджеті 42 млрд. 115,7 млн теңге болып бекітіліп, бүгінгі күнге 51 млрд. 118,6 млн теңгені құрады.  
2018 жылғы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі   46 млрд 351 млн теңге болса, соның облыс бойынша алғандағы 43,6 проценті Қызылорда қаласының үле­сіне тиесілі.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы ая­­сын­да құрылған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларына орай нақты­ланған мал сатып алу жоспары бекі­тілді.
Бұдан бөлек, елді мекендерді несие­лендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорына «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы 150 адамның тізімі жолданып, бүгінде 38 адам 163 млн. теңге несие алды.  
Мемлекеттік бағдарламалардың бірі «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 75 маманға көтерме жәрдемақы үшін 15 млн 87 мың теңге, 28 маманға баспана алу үшін 96 млн 117,9 мың теңге жеңілдетілген несие берілді.
– Облыста үш жыл «Жаппай кәсіп­керлікті қолдау жылдары» деп жариялау туралы  шешім қабылданды.   Дамудың негізгі көзіне айналған бұл саланың хал-ахуалына да тоқтала кетсеңіз...
– Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,9 проценті Қызылорда қаласының үлесінде.
Осы жылдың 1-ші тамызына дейінгі мерзімде қала бойынша 26335 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның ішінде жеке кәсіпкер –  19969, заңды тұлға  – 5552,  шаруа қожалықтары 814-ті құрады.
Жыл басында нақты жоспарлы көрсеткіштер қамтылған «Қызылорда қа­ласы мен қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің кәсіпкерлікті дамыту бойынша Жол картасы» бекітілді. Карта аясында жалпы құны 3 млрд теңгені құрайтын 218 жоба іске қосылып, 355 жаңа жұмыс орны ашылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қалада жыл басынан бері шағын несиелендірумен 116 жоба қаржыландырылды.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін қаржы мәселелерінің оңтайлы шешілуіне орай қаржы ұйымдарына жоба құжаттары ұсыныла береді.
Жыл басынан 3 млрд теңгені құрайтын 62 жоба «Өңірлік үйлестіру кеңесінен»  қолдау тапты. Қалаға қарасты елді мекендерден қайтарымсыз грант алуға құны 426 млн теңгені құрайтын 171 жобаның құжаттары конкурстық комиссия қарауына ұсынылып, жалпы құны 63 млн теңгені құрайтын 52 жоба қолдауға ие болды.
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қол­ға алынған жобалардың нәтижесінде, қалаға қарасты елді мекендерде  тігін цехы, наубайхана, қонақ үй, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы секілді бірнеше тұрмыс қажетін өтеу нысандары өз жұмысын жүргізіп отыр.
Қала маңындағы елді мекен тұрғын­дарына сапалы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мақсатында 5 кәсіпкер орта сыйымдылықтағы қоғамдық көлік сатып алып, 11 кәсіпкер өз кәсіптерін дамыту мүмкіндігіне ие болды.
– Соңғы жылдары Қызылорда қала­сында жол құрылысын дамыту жақсы жолға қойылып,  көптеген көшенің қай­та жаңғыртудан, күрделі жөндеуден өтіп жатқанына куәміз. Осы төңіректен де қысқаша мәлімет бере отырсаңыз.
– Жол түзу болмаса, іс те түзелмейді.  Жол өмірдің күре тамыры емес пе? Сондықтан бұл тұрғыдағы жұмыстар қар­қыны бәеңдеген емес, әлі де жүргізіле береді. Нақтырақ айтсақ, қала көлемінде 1 млрд 805 млн теңгеге жалпы ұзындығы 80,5 шақырымды құрайтын 103 көшеге орташа, ағымдағы, күрделі және қайта жаңғырту жұмыстары жасалды. Ұзындығы 150 шақырымды құрайтын 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салынды. 44 шақырымдық 94 көшеге жарық бағаналары орнатылды. 72 көпқабатты тұрғын үйдің аулаішілік жолдары мен автотұрақтары жөнделді.
Қала орталығындағы ұзындығы 1,3 шақырым болатын Тоқмағанбетов көшесіне, Қазыбек би көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 174,5 млн теңге бөлінді.
Ұзындығы 2,17 шақырым болатын Байтұрсынов көшесіне, Абай даңғылынан Тоқмағанбетов көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 145,5 млн теңге жұмсалды.
Жаппасбай батыр көшесіне, Қорқыт ата көшесінен көпірге дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 183,6 млн теңге бөлініп, бүгінгі күні Жаппасбай батыр және Байтұрсынов, Тоқмағанбетов көшелеріндегі жұмыс толығымен аяқталды.
Қалаға қарасты елді мекендердің жолдарын жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Қараөзек және Қосшыңырау ауылдық округтерінде, Қызылөзек, Иір­көл елді мекендеріне ұзындығы 24,5 шақырымды құрайтын кіреберіс жол­дардың орташа жөндеу жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттен 234 млн 900 мың теңге бөлінді. Тасбөгет кентіне облыстық бюджеттен бөлінген 28 млн теңгеге ұзындығы 1,2 шақырым жерге 67 дана жарық бағаналары орнатылды. Ақсуат ауылдық округінде 7,3 шақырым болатын 12 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 83,2 млн теңге бөлінді.
– Соңғы жылдары қаламызда жаңадан бірнеше шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалықтың баспаналы болғанын білеміз. Қала мерекесі үстінде де біраз жерлесіміз пәтерлі болатын шығар?
– Биылғы мерей­тойдың басты тартуы – аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей бастамасымен қолға алынған сол жағалаудағы «Жаңа қала».
Сырдарияның сол жағалауындағы 16 көпқабатты тұрғын үй мен «Абу-Сер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған 320 орындық балабақшаның құрылысын пайдалануға беру жыл соңына жоспарланып отыр.
Мұнан бөлек, қазір қалада 133,2 мың шаршы метр болатын 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынуда.  
Жеке инвесторлардың өз қаржысы есебінен 960 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын үй, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 670 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үй бой көтеріп келеді.
Бұл бағыттағы жұмыстардың ең ау­қымдысы Сырдария өзенінің сол жағалауында жүргізіліп жатыр. Жаңа қалада республикалық, облыстық бюджеттерден 220 пәтерлік 4 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 240 пәтерлік 4 көпқабатты кредиттік тұрғын үй құрылысы қолға алынған. Бұл үйлер жыл соңына дейін табысталмақ.
Басындағы жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындар жағдайы ең өзекті мәселелердің бірі болатын.
2013-2018 жылдар аралығында қала­мыздағы апатты жағдайдағы баспана тұрғындары ретінде кезекте тұрған 671 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табысталды.
Осы мәселені түбегейлі шешу үшін атқарылған ауқымды жұмыстардың нәти­жесінде шын мәнінде баспанаға мұқтаж тұрғындар 100 пайыз жаңа пәтерлермен қамтамасыз етілді.
– Жаңалық пен жақсылыққа толы әңгі­меңізге рахмет. Туған қаламыздың  мерекесі құтты болсын!

***
Қала әкімі баяндаған деректердің бәрін сұхбатқа сыйғыздық дей алмаймын. Мақсатымыз мереке үстінде қаланың тыныс-тіршілігіне бір шолу жасап, атқарылып жатқан жұмыстардан жұртшылықтың да хабардар бола отыруы еді.

Әңгімелескен Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.
«Сыр бойы».

27 қыркүйек 2018 ж. 1 379 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031