Дубайда тұратын Ұлбосын
– Ұлбосын, әңгімемізді өзіңізден бастасақ, отбасыңыз, мамандығыңыз жөнінде айтып бересіз бе?
– Мен туған жылымды айтқанды онша ұнатпаймын. Желіде жасымды сұрап жазатын адам өте көп. Бірақ мен соны құпия ұстағанды жөн көремін. Сол әдетіммен тек туған күнімді айтайын, 16-желтоқсанда Атырауда дүниге келгенмін. Әкем мен анам бар, олар өңірімізге сыйлы кісілер. Екі әпкем, екі інім бар. Олардың бәрі үйлі-жайлы, балалы-шағалы болып кеткен. Үлкен әулетпіз. Беріш-Жайық руынанбыз.
Мектепті бітіргесін жергілікті университетте екі мамандық бойында жоғары білім алдым. Алғашқысы – қаржыгер-экономист, екіншісі – заңгерлік. Дубайға қоныс аударғанға дейін шетелдік бір компанияда, логистика саласында жұмыс істеп жүрдім. Ол кезде жұмыс бабымен өзге елдерге жиі сапарлайтынмын. Сондай кездерде «Шіркін-ай, мен де шетелде қызмет етсем, өмір көрсем, тәжірибе жинақтасам екен» деп армандайтынмын. Дегенмен ол кезде Дубайда қызмет етемін деген ой болмаған еді. Бір күні ойламаған жерден жұмысқа шақыртылдым. «Тез шешім қабылдаңыз», – деп шарт қойды. Дубайда жұмыс істесең шыңдаласың, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан адамдармен араласасың, тамыр-таныс арттырасың. Бұрын әпкелеріммен, достарыммен бір-екі мәрте қыдырып келгенім бар. Сондықтан шешім қабылдауда аса қиналмадым. Келісімімді бердім. Ата-анамның батасын алып, Дубайға көшіп келгеніме, міне, биыл бес жылдың жүзі болыпты.
– Ол жақта шеттен барғандарға өмір сүру қиын емес пе? Қай салада қызмет етесіз?
– Әр жердің, елдің өзіндік ерекшелігі, ережесі бар. Сондықтан қиын немесе оңай деп айта алмаймын. Өзім әбден үйреніп кеттім. Жалпы, Дубай – қымбат қала. Онда жақсы өмір сүру үшін жалақың жақсы болуы керек немесе мықты кәсіппен айналысқаның дұрыс.
Мен өзім қазіргі таңда жекеменшік бір компанияда жылжымайтын мүлік жөніндегі кеңесші – клиенттермен жұмыс істейтін менеджер болып еңбек етемін. Әлемге танылған құрылыс компанияларымен бірлесе жұмыс істейміз. Өзге елдерден келіп осы жақтан баспаналы болуды ойлайтындарға кеңес береміз, баспана табуға жәрдемдесеміз.
Одан бөлек, өзім Біріккен Араб Әмірліктерінде кәсіп бастағысы келетіндерге құжат жағынан кеңес беремін, баспана алу үшін кредит рәсімдегісі келетіндерге, банктен шот ашамын дейтін жандарға қол ұшын беремін.
Жалпы, біздің елден саяхаттауға келетін адамдар өте көп. Олардың арасында елге белгілі эстрада жұлдыздары да бар. Солар келгенде қарсы алып, қонақжайлығымды көрсетемін. Жерлестеріме осылай пайдамның тигеніне өзім шын қуанамын.
– Ал біздің қазақстандықтардың арасында Дубайдан жылжымайтын мүлік сатып алғандар көп пе? Олардың арасында елге танымал кісілерді айта кетсеңіз.
– Инвестицияға үй алып жатқан қазақстандықтар өте көп. Осында келіп өмір сүріп жатқан кәсіпкер қазақтарды да жақсы танимын. Олардың арасында елімізге танымал кісілер аз емес. Бірақ қызмет этикасына сәйкес, олардың аты-жөндерін жария етуімізге болмайды.
– Жұрт Біріккен Абар Әмірліктерін өте бай мемлекет деп біледі. Шындығында солай ма? Қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі қандай?
– Жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы өте жақсы. Негізі бұл елдің байырғы тұрғындары халық санының 10 – 13 пайызын ғана құрайды. Сондықтан ба, өз халқына мемлекет тарапынан жеңілдік өте көп. Мысалы, олар ақысыз білім алады. Сабағын жақсы оқыған, білімін дәлелдей алған оқушыға әлемнің кез келген университетінде тегін білім алуға жағдай жасалған. Кез келген адамға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Жиырма жастан асқан ер-азаматқа міндетті түрде тегін жер беріледі. Сосын үй салуға белгілі бір мөлшерде ақша бөлінеді. Бұл елдің жергілікті араб азаматтарын «локол» деп атайды. Яғни сол локол жергілікті араб қызға үйленсе, олардың тойына да мемлекеттен қаражат беріледі. Халқы сондай жайбарақат, көңілді. Ештеңені уайымдамайды. Тіпті ай сайынғы коммуналдық қызмет ақысын төлеуде де жергілікті халыққа жеңілдіктер қарастырылған. Кейбірі тіпті оны төлеуден мүлдем босатылған. Айтып отырсаң ертегі сияқты, бірақ шындық осы.
– Ал шеттен барған кісілер нені ескеруі керек? Қандай ережелерді ұстанғаны жөн? Алданып, ұрынып қалмас үшін бірер кеңес бере кетсеңіз.
– Бұл мұсылман елі болғандықтан заңының басым бөлігі шариғатқа сай құрылған. Сондықтан мұнда келген адам бейәдеп әрекеттен аулақ болуы тиіс. Қоғамдық, көпшілік орындарда, көшелерде мас болып жүру, ішімдік ішу аса ауыр қылмыс болып саналады. Тіпті ішімдікті үйіңде ішкен күннің өзінде полицейлердің көзіне түсіп қалсаң, айыппұл төлеуің керек. Немесе ішімдік ішуге болатыны туралы арнайы лицензия алған жөн.
Қыз баласына қоғамдық орындарда ашық-шашық жүруге болмайды. Иығы ашық киім, тізеден жоғары белдемше, шорты кисең, айыппұл төлейсің. Сондай-ақ ерлі-зайыпты кісілерге немесе екі ғашыққа көпшілік алдында құшақтасуға, сүюге тыйым салынған. Нәпсіні қоздыратын тірлікпен ашық айналысқан адамдар кей жағдайда зынданға тасталынады.
Әдетте шеттен келген кісілер жергілікті халықтың киім киісіне, жүріс-тұрысына қызыға қарап, оларды суретке түсіріп алғысы келеді. Олай етуге де бұл елде қатаң тыйым салынған. Локолдарды, әкімшілік-іскерлік ғимараттарды, полицейлердің көліктерін суретке түсіре алмайсыз. Олай етсеңіз, айыппұл төлейсіз.
Ораза кезінде мейлі ауыз бекіт, мейлі бекітпе, күндізгі уақытта тамақ жеп жүруге болмайды. Тіпті сағыз да шайнай алмайсың. Айтпақшы, тағы бір айта кететін жайт, егер сіз өз еліңізде емделіп жүрсеңіз, яғни ішетін дәрілеріңіз болса, оны Дубайға әкелерде аса сақ болған жөн. Себебі мұнда кіргізуге болмайтын дәрілердің арнайы тізімі түзілген. Оны ғаламтор арқылы алдын-ала біліп алу керек. Әйтпесе бұл елге мүлдем кіре алмайтын жағдайға жеткізеді.
Әдетте шеттен келген адамдар доллармен жүреді ғой. Ал егер мейрамханадан тамақ ішіп, оның ақысын доллармен төлегіңіз келсе, оның бағамын тым төмендетіп жібереді. Сондықтан алдын ала валюта айырбастау орындарына барып, ақшаны ауыстырып алған жөн. Яғни дирхаммен төлеген әлдеқайда тиімді.
Бірдеңе сатып алмас бұрын бағасын салыстырыңыз, теңгеге шаққанда ол қанша болады, Қазақстанда қанша теңге тұрушы еді, соны анықтап алу керек. Зат сатып алғанда қолыңызға берген түбіртекті сақтап қойыңыз. Тауарды ауыстырып алатындай жағдай туындаса, түбіртексіз ештеңе істей алмайсыз.
Метромен жүргенде ер кісілерге әйелдер отырған вагонға мінуге болмайды. Қоғамдық көлік ішінде су ішуге, тіпті сағыз шайнауға тыйым салынған.
– Өзіңіз секілді Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істегісі келетіндерге қандай кеңес бересіз?
– Бұл жерде жұмыс істегісі келетіндер өте көп. Соған сәйкес жұмыс берушілердің талабы да тым жоғары. Егер сіз Дубайда қызмет еткіңіз келсе, онда міндетті түрде ағылшын тілін білуіңіз керек. Араб, қытай, үнді тілдерін білсеңіз, онда жұмысқа тұру мүмкіндігіңіз арта түспек. Ең алдымен түйіндемеңізді жақсылап жазыңыз. Оған қоса ағылшын тілінде өзіңіз туралы хат жазып өткізесіз.
Кей адамдар үйден шықпай-ақ жұмыс тауып алады. Ол үшін ғаламторды жақсы меңгеру жеткілікті. Ал енді біреулер виза арқылы үш айға арнайы келіп, көше-көшені аралап жұмыс істейді. Мен екі жағдайды саралай келе ғаламтор арқылы жұмыс іздеуді ұсынар едім. Алдымен нарықты, жергілікті жердің сұранысын сараптап алыңыз. Ірі-ірі компаниялардың сайттарына тіркеліп, өз «резюмеңізді» жіберіп көріңіз. Кім біледі, қызметке оп-оңай тұрып кетуіңіз де мүмкін.
– Алдағы жоспарларыңыз қандай? Елге оралу ойыңызда бар ма?
– Арман-мақсатым өте көп. Жас кезімде ел көрсем, жер көрсем, әлемнің түкпір-түкпіріне саяхаттасам деймін. Араб тілін жетік меңгеру жоспарымда бар. Аз-маз сөйлей аламын, соны жетілдіруім керек. Әзірге бұл жерде қанша болатыным белгісіз. Дегенмен түбінде елге оралатын ой бар.
– Армандарыңыз орындала берсін дейміз.
Сұхбаттасқан – С. КЕНЖАЛИЕВА.
Zamana.kz