» » » ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ – АРТЫЛҒАН СЕНІМ

ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ – АРТЫЛҒАН СЕНІМ


Мемлекет өркендеу үшін бізде жаңаша көзқарас, тың серпін қалыптасуы керек. Бірақ, осы талап етілетін қағидаларды қалыптастырушы кім? Алдыңғы аға буын өкілдері ме, жоқ әлде кейінгі ұрпаққа артылар міндет пе? Бұл сұрақтардың жауабын Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқындап берді. Бірақ, осы саяси құжатта жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету баршамыздың мойнымызда тұрған міндет екенін сезінуіміз керек. Жалпы, облыста бағдарламалық мақаланың кеңінен насихатталуы, онда көрсетілген тиісті тапсырмалардың жүзеге асуы өз деңгейінде орындалып келеді. Тіпті, арнайы орталық та құрылды. Бүгінде «Рухани жаңғыру» орталығы құрылғалы да аймақта айтулы шаралар ұйымдастырылды. Оның құрылғандағы мақсаты не? Атқарар қызметі қандай? деген сияқты бірқатар сауалымызға жауап алу үшін аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжаспен сұхбаттасқан едік...
– Нұрлыбек Кәрбозұлы, жаңадан құрылған орталыққа өзіңіз басшылық жасап келесіз. Сол уақыттан бері өңірде жаңғыруға жаңаша қадам бастайтын қандай шаралар жүзеге асты?
– Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аймақта жол картасы мен жылдық жоспарда 81 жоба мен 100-ден аса ірі көлемді шара өткізу бекітілген. Қазіргі таңда «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны», «Іскер азамат – ел тірегі», «Өзгерісті өзіңнен баста» атты 6 кіші бағдарлама аясында қолға алынған жобалар мен іс-шаралар мерзімінде сәтті жүзеге асты. Ұйымдастырылған шаралар қоғамдық санаға айтарлықтай ықпал етіп, тұрғындар арасында оң пікір қалыптастыруда. Бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты тың жобалардың қатарында Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеретін жаңа қаланың құрылысын атап өтуіміз керек. Бүгінде ондағы Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимараты үлгісіндегі қалалық музей мен «Рухани жаңғыру» орталығы пайдалануға дайын. Жыл басынан тамыз айына дейін 134 ірі көлемді шара өткізілді. Барлық шараға өңіріміздегі азаматтық қоғам инс­титуттары, жастар ұйымдары, этномәдени бір­лестіктер, жоғары оқу орындары мен мәдениет ұйымдары белсене қатысты.
– Сөз арасында 6 кіші бағдарлама жайында айтып өттіңіз. Солардың ішінде «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобалары, «Туған жер – туған ел», «Қасиетті Қазақстан», «Қазақстанның мәдени жетістіктері» базалық бағыттары қалай және аталған бағдарлама шеңберінде қандай жұ­мыс­тар қолға алынды?
– «Рухани жаңғыру» тақырыбын ескере оты­­рып, өңірімізде мұражай экспозицияларын жа­ңар­ту жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында халықаралық мәдени ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне орайластырылған бірқатар шаралар да ұйымдастырылды. Сығанақ, Жанкент, Кескен күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш мола, Жент, Баланды, Жетіасар мәдениет ескерткіштері, Сауысқандық петроглифтері және Қорқыт мұрасын ЮНЕСКО-ның мәдениет мұраларын сақтау жөніндегі әлемдік мұрасының алдын ала тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ақпан айында елімізде тұңғыш рет Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінен «Қасиетті Қазақстан және археология» залы ашылды. Сонымен бірге, облыстың киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін насихаттау мақсатында тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумы ұйымдастырылды. Орталықтың бастамасымен қала мектептерінде қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырта отырып, «Асық ату» ұлттық спорт үйірмелері ашылды.
– Ал, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру үшін нендей жұмыстар атқарылды?
– Бұл жобаны іске асыруда облыстық жұмысшы тобының мүшелерімен бірлесе жұмыс жасалды. Облыс көлеміндегі 12 нысан қасиетті орын сараланды. Сондай-ақ, 35 нысан «Өңірлік қасиетті нысандар» кітаптарына енді. Мұнан бөлек, аймақтағы 6 нысанға оғыз дәуірінің ескерткіштері Жанкент, Сортөбе, Жент, сақ мәдениетінің көрнекті жәдігері Шірік-Рабат қалашықтарына, Аралдың кепкен табанындағы Кердері кесенесіне, қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ішкі туризмді дамыту мен рухани құндылықтарымызды насихаттау мақсатында да атқарылған жұмыстар аз емес. Мәселен, жазғы маусымда 200-ге жуық мектеп оқушысының қатысуымен «Тарих тол­қынында» атты экскурсия ұйымдастырылды. Кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйым­дастыруымен шілде айында облыстық туристер слеті өтті.
– Саяси құжатта жалпы ілгерілетуде қамтылмаған сала жоқ. Олардың ішінде мәдениет саласы да бар. Тіпті, арнайы жобалар да көрсетілген. Солардың ішіндегі «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының облыста жүзеге асу барысы жайында айтып өтсеңіз...
– Қазір біздің өңірде тың серпінмен ілгерілеген бірден-бір сала болса, ол – мәдениет. Киелі сыр топырағы бұл саладағы майталмандарға кенде болмаған. Облыс өнерпаздары бүгінде шет елдерде де өнер көрсетіп, көпшіліктің көзайымына айналып жүр. «Ақмешіт» фольклорлық ансам­блі де Лондонда өткен Наурыз тойына қатысты. Мерекелік шара сәуір айында «Victoria Embankment Gardens» саябағында ұйым­дасты­рылды. «Ақмешіт» ансамблінің концерттік бағдар­ламасы көрермендерге түрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды ұсынды. Сонымен бірге, тамыз айында Қызылорда облыстық музы­калық драма театрының әртістері Шотландия астанасы Эдинбург қаласында өнер көрсетті. Ұжым «Фриндж» халықаралық фестиваліне қатысып, «Ақбаян» спектаклін сахналады. 19 сәуір күні сән және қолданбалы өнер шебері, Қазақстан, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Ләтипа Қожықованың туғанына 125 жыл толуына орай «Тұңғыш театр суретшісі Ләтипа Қожықова», Көркемсурет галереясында «Туған өлке мәдениеті» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі «Ұлы Дала бояулары» жобасы аясында «Қожықовтар қолтаңбасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Сонымен бірге, ҚР Халық суретшісі «Л.Қожықова және қазақтың ұлттық сурет өнері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, «Тарлан» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Ал, 17 тамызда әдебиеттанушы ғалым М.Дүйсеновтің 90 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру және ұлттық әдебиет» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер институты, ҚР Жазушылар одағы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары қатысты. Сондай-ақ, ғалымның көптомдығының тұсаукесері өтіп, республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.
– «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді. Бағдарлама шеңберінде жарық көрген оқулықтар мен басқа да жүзеге асқан шаралардың көпшілікке насихатталуы қалай?
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы G-global коммуникативтік платформасында «Рухани жаңғыру және заманауи қоғамдық сана» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция ұйымдастырды. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген 18 оқулықты көпшілікке таныстыру мақсатында БАҚ-та 250-ден астам пікір жарық көрді. Сондай-ақ, 18 оқулықты ЖОО-да оқу процесіне енгізу жолдары және оқытушы-профессорлар арасында талқылауға байланыс­ты облыстық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. 23 тамызда Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан­ Кенжеханұлы мен филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлының қаты­суымен «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты кездесу, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: қазіргі басқару жүйесі және стратегиялық жоспарлау» атты TALKS форматында шара ұйымдастырылды. Ал, 27 сәуірде «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасы аясында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият»­ атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысқан аймақтағы 84 үміткерді елге таныту мақсатында «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» танымдық шарасына студенттер мен мектеп оқушылары қатысып, аймақтың мақтан тұтар тұлғалары жайлы көрме жасап, ғылыми жобалар қорғады. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында Қала мектептерінде Назарбаев зияткерлік мектебінің «Шаңырақ» жобасы негізінде оқушыларды әлеуметтік жобалармен айналысуға дағдыландыру мақсатында №4 Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейде, сондай-ақ №4 С.Сейфуллин атындағы мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіру және тәрбие жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне байланысты облыстық семинар өтті. Саяси құжатта көрсетілген басқа да міндеттерді жүзеге асыруға біз әлі де атсалысамыз.
– «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша қандай шаралар қолға алынуда? Осы орайда туған жерге тағзым еткен азаматтар тарапынан жүзеге асқан ілкімді жобалар бар ма?
– Бүгінде өңіріміздегі меценаттардың базасы жасақталып, соған сәйкес «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл аймақта 354 ірі көлемдегі шара ұйымдастырылды. Оның ішінде «Мектебіме тағзым» облыстық акциясы аясында 60 мектепке 44 миллион теңгеге жуық түрлі тартулар (демалыс саябағы, спорт алаңдары, ойын алаңдары, арнайы кабинеттер және т.б.) жасалды. Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым», «Жақаев ізбасарлары», «Жастар рухани жаңғыру жолында», «Тұлғатану» жобалары, «Ұшқын» қоғамдық бірлестігінің мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беруі, «Домбыра Fest», «Жүрек жылуы» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер фестивалі, Ұлттық сусындар акциясы өтті. «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында осы жылы 103 жоба бойынша меценаттар мен демеушілер есебінен 11 млрд-қа жуық қаржы тартылды.
Аймақтағы меценаттар қолдауымен «Рухани жаңғыру» орталығы өткізген «Домбыра Fest» шарасы аясында 20 сәбиге домбыра сыйға берілсе, №1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясында оркестр ашылды. Бұл бастама республика деңгейінде қолдау тауып, Ұлттық домбыра күнінде жаңа туған сәбилерге домбыра сыйға тартылды.
«Жомарт жүрек» жобасы бойынша меценаттар, демеушілер, қайрымдылық шараларына қатысқан азаматтар мен ұжымдарды марапаттаудың аудандық, қалалық кезеңіне 200-ге жуық үміткер қатысып, 40 азамат 5 номинация бойынша жеңімпаз атанып, облыстық деңгейінде онлайн дауыс беруге қатысады. Жобаның облыстық деңгейдегі жеңімпаздары республикалық байқауға жіберіледі.
Біз рухани жаңғыруға бір орталық қана жұмыс жасайды деп түсінбеуіміз қажет. Қайта жұмыла атсалысумыз керек.
– Риясыз әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Н.Алмасқызы.
08 қыркүйек 2018 ж. 4 421 143

sildenafil 50 от 3 қаңтар 2022 03:13
canadian viagra sales cialis prices usa cialis side effects joint pain how much cialis

ivermectin 3mg tablet от 12 қаңтар 2022 08:16
farmaco cialis esiste il cialis generico nelle farmacie italiane cialis quando prenderlo prima del rapporto quanto costa cialis 20 mg in farmacia

plaquenil medicine от 14 қаңтар 2022 19:09
xvideos viagra viagra se vende sin receta te piden receta para comprar viagra farmacias on line viagra

stromectol 15 mg от 16 қаңтар 2022 14:07
2.5 mg cialis generic cialis online safe usa effect of cialis on women how to get viagra prescription australia

cialis mg от 18 қаңтар 2022 13:39
lupus and plaquenil plaquenil 50 mg can i take cymbalta and plaquenil what is plaquenil test

plaquenil singapore от 22 қаңтар 2022 03:21
cialis comentarios comprar cialis 5 mg viagra cialis levitra comparacion precios cuando finaliza la patente de cialis

what is lumigan от 28 қаңтар 2022 22:49
aralen and breastfeeding canadian pharmacy aralen is aralen being used for coronavirus what retinal disorders worsen aralen

molnupiravir generic от 28 қаңтар 2022 23:40
clomid trt clomid generic south africa clomid what does it do how to order clomid

baricitinib lupus от 31 қаңтар 2022 03:56
latisse coupons cvs cost of lumigan eye drops latisse before and after reddit how to apply latisse on eyebrows

aralen 2016 от 31 қаңтар 2022 05:12
baricitinib psoriasis eli lilly baricitinib baricitinib review olumiant fda label

buy clomid online от 2 ақпан 2022 06:41
withdrawal from aralen cost of aralen brand aralen looks similar to generic what is aralen medicine

clomid mexico от 4 ақпан 2022 12:21
prednisone and aralen chloroquine sulfate buy can i take aralen with cheratussin ac what does aralen do for lupus patients?

molnupiravir capsule от 4 ақпан 2022 18:15
baricitinib genГ©rico olumiant bamlanivimab vs baricitinib baricitinib pharmacology

molnupiravir france от 6 ақпан 2022 16:44
generic latisse name latisse $50 coupon latisse available over the counter in mexico how to use latisse on eyebrows

molnupiravir capsule от 7 ақпан 2022 00:10
aralen food interactions buy aralen from canada can you take aralen and tylenol together how long until i should see results from aralen

molnupiravir 200mg от 8 ақпан 2022 20:36
clomid and pcos where to buy clomid without a prescription clomid and pcos success rates how long does clomid stay in system

aralen cost от 9 ақпан 2022 05:36
molnupiravir about that cuts covid19 hospitalization molnupiravir cost per dose thuб»‘c molnupiravir 400mg virus molnupiravir

100g clomid от 11 ақпан 2022 12:19
research liquid nolvadex nolvadex australia pharmacy aromasin or nolvadex during cycle when to run nolvadex cycle

vqstdmp от 15 ақпан 2022 19:48
ivermectin pilleomkostninger stromectol ivermectin for dogs

aigofy от 2 наурыз 2022 22:48
stromectol for sale stromectol buy ivermectin 6mg

qclx28 от 29 сәуір 2022 02:51
generic stromectol ivermectin usa

SlonNum от 24 мамыр 2022 22:59
far10 rhtps 5cwo

SlonNum от 27 мамыр 2022 07:57
ejc77 1mvfc 4hf2

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930